РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Экономика
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасыwww.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында кәсіпорындарды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы электронды тендер өткізетінін хабарлайды.
19 Шілде 2018 Жыл0000
1. Кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының 100 пайыз мемлекеттік пакет акциясы қойылады. Объектінің бастапқы бағасы 2 120 365 000 теңгені, кепілдік жарнасы 318 054 750 теңгені құрайды. Тендердің өтетін уақыты мен күні: 2018 жылдың 7 тамызында, сағат 10:00-де.

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасыwww.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында кәсіпорындарды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы электронды тендер өткізетінін хабарлайды. 
1. Кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының 100 пайыз мемлекеттік пакет акциясы қойылады. Объектінің бастапқы бағасы  2 120 365 000 теңгені, кепілдік жарнасы  318 054 750 теңгені құрайды. Тендердің өтетін уақыты мен күні: 2018 жылдың 7 тамызында, сағат 10:00-де.
Тендердің шарттары:
- ЖЭО-4-і қайта құру және жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттарды мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы және қажетті келісімдерді алу арқылы әзірлеу (орындау мерзімі – 2019-2021 жылдар);
- ЖЭО-4-і қайта құру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу (орындау мерзімі – 2022-2024 жылдар);
- болшақта 4-АҚ контурындағы жылу жүктемелерін толық қамтамасыз ету үшін қосымша су ысытқыш қазандарын орнату арқылы 4-АҚ аудандық қазандықты қайта жаңғырту (орындау мерзімі – 2021-2025 жылдар); 
            Сенімгерлік басқару мерзімінде: 
            -  БГО қондырғылардың апаттық өшіру кезінде және жылу жүктемесі кестесінің щың бөлігін жабуға арналған жылу қуаттылығы 400 Гкал/сағ әрекеттегі су жылыту қазандықтарының жұмыс түрінде сақтау; 
            - ҚНмЕ 2.04-01-2010 «Құрылыс климатологиясына» сәйкес тұтынушылар үшін 110/70 жылу шығаратын температуралық кестенің сақталуын қамтамасыз ету;

  • объектіні кепілдікке бермеу, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалықтар салмау және сенімгерлік басқару мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймау;

- табиғат қорғау іс-шараларын өткізілуін қамтамасыз ету;
- қазіргі жұмыс орындарының санын сақтап қалу немесе жаңаларын ашу;
- қоршаған ортаны және еңбек шартын қорғау  ережелері мен қағидалары шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеу;
               - сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуын қамтамасыз ету;
               - жыл сайын құрылтайшыға атқарылған жұмыстары туралы есебін беру және тиісті саладағы жергілікті атқарушы органға ақпарат беру;
               - баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерді сақтауға;
- өндіріс көлеміне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасын сақтауды қамтамасыз ету;
- объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;
- тұтынушыларға өнімді жеткізуді қамтамасыз ету;
- объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелерін орындау.
 Ескерту: объектіні жалғыз қатысушыға сатылуына жол берілмейді
2. Кейіннен сатып алу құқығымен 10  жыл мерзімге  сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Темір Жол-Жылу»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде қойылады. Объектінің бастапқы бағасы  327 517 000 теңгені, кепілдік жарнасы  49 127 550 теңгені құрайды. Тендердің өтетін уақыты мен күні: 2018 жылдың 7 тамызында, сағат 10:20-да.
Тендердің шарттары:
1) JGS 320 GS-S/L (электр қуаты – 800 кВт, жылу қуаты 918 кВт/сағ., шығыс 270 куб/сағ.-газ) типтік газпоршендік құрылғыны құру (орындау мерзімі 2019 жыл);
2) көлік паркін жаңарту, құрылғылар мен арнайы техниканы сатып алу:
- қозғалмалы генератор - 1дана, САК – 1 дана (орындау мерзімі 2018 жыл);
- УАЗ (жүк-жолаушы тасымалдауыш) - 2 дана, Газ 53 (самосвал) -1 дана (орындау мерзімі – 2019 жылдар);
- автокран 25 тн. - 1 дана, стационарлық генератор - 6 дана (орындау мерзімі - 2019 жыл);
- Камаз 15 т (самосвал) -1 дана, жүк артушы -1 дана (орындау мерзімі - 2020 жыл);
- экскаватор-1 дана, (орындау мерзімі 2020 жыл).
3) «Газ» қазандығында қосалқы энергожабдықтау желісімен қамтамасыз ету (орындау мерзімі 2020 жыл);
4) «Промбаза» қазандығын газ отын қорына көшіру,  барлық қазандықтарды қосалқы отынмен жұмыс істеуге дайындау (орындау мерзімі 2021 жыл);
5) қазандықтардағы энергошығынды құралдарды (сорғыларды) үнемділігі жоғары құралдарға ауыстыру, жылу бөлімдерін автоматтандыру, тұтынушылардың есептеу құралдырын орталықтандыру-автоматтандыруды жүргізу (орындау мерзімі  2022 жыл);
6) Темір жол вокзал ауданының тұтынушыларына үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін Байзақ Батыр көшесі бойында 3-ЖҚ-тан 13-ЖҚ аралығында ұзындығы 720 метр жылу құбыр жүйесінің трубаларын ауыстыру (орындау мерзімі: 2025 жылы – 200 п.м., 2026 жылы – 200 п.м., 2027 жылы – 320 п.м.).
7) «Газовая» қазандығанда 2 дана КВА – 3000 маркалы су ысытқыш қазандарын орнату (орындау мерзімі 2028 жыл).
Сенімгерлік басқару мерзімінде:
- кәсіпорынның негізгі қызметі – жылу энергиясын өндіру, жөнелту және таратуды сақтау;
- ҚНжЕ 2.04-01-2010 «Құрылыс климатологиясына» сәйкес тұтынушылар үшін жылумен қамту кезінде температуралық кестенің 95/70 болып сақталуын қамтамасыз ету;
- қазіргі жұмыс орындарының санын сақтап қалу;
- баға белгілеуді сақтау;
- объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелерін орындау;

  • объектіні кепілдікке бермеу, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалықтар салмау және сенімгерлік басқару мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймау;

- табиғат қорғау іс-шараларын өткізілуін қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны және еңбек шартын қорғау  ережелері мен қағидалары шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеу;
- сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуын қамтамасыз ету;
- жыл сайын құрылтайшыға атқарылған жұмыстары туралы есебін беру және тиісті саладағы жергілікті атқарушы органға ақпарат беру;
- өндіріс көлеміне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасын сақтауды қамтамасыз ету;
- тұтынушыларға өнімді жеткізуді қамтамасыз ету.
Ескерту: объектіні жалғыз қатысушыға сатылуына жол берілмейді
3. Кейіннен сатып алу құқығымен 10  жыл мерзімге  сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде қойылады. Объектінің бастапқы бағасы  3 435 292 000 теңгені, кепілдік жарнасы  515 293 800 теңгені құрайды. Тендердің өтетін уақыты мен күні: 2018 жылдың 7 тамызында, сағат 10:40-та.
Тендердің шарттары:

  1. JGS 320 GS-S/L (электр қуаты – 800 кВт, жылу қуаты 918 кВт/сағ., шығыс 270 куб/сағ.-газ) типтік газпоршендік құрылғыны құру (орындау мерзімі 2019 жыл);

  2. РК-1 қазандығын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында көзделген ресурстық қызмет мерзімі өткен бу қазандықтарын 2 дана жаңа заманауи жаңғыртылған ПӘК жоғары су жылытатын қазандарын ауыстыру (орындау мерзімі 2019-2020 жылдар);

  3. РК-1 қазандығының ұзындығы 6450п.м. құрайтын жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (орындау мерзімі 2019-2020 жылдар);

  4. РК-1 қазандығы аумағындағы орналасқан нысандарға жаңа технологияларды пайдалана отырып (суды дайындау, ағынды суларды тазалау,  мазут және аккумуляторлық бактарды тазалау және т.б.) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (орындау мерзімі 2019-2020 жылдар);

  5. Жамбыл облысының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша төмендегі елді мекендердегі кәсіпорынның тас көмірде жұмыс істейтін қазандықтарын табиғи газға ауыстыру;

  • Тараз қаласы "Шөлдала" алқабында орналасқан №55 орта мектебінің тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстрыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2019 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2021 жыл);

  • Жамбыл ауданы "Бесжылдық" ауылында орналасқан «Исмайлов» атындағы орта мектебінің тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстрыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2020 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2021 жыл);

  • Тараз қаласы "Құмшағал" алқабында орналасқан №19 орта мектебінің тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстрыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2020 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2021 жыл);

  • Тараз қаласы "Құмшағал" алқабында орналасқан №56 орта мектебінің тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстрыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2021 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2022 жыл);

  • Тараз қаласы «Көлтоған» алқабында орналасқан №57 орта мектебінің тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2021 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2022 жыл);

  • Тараз қаласы "Шөлдала" алқабында орналасқан №34 балабақшасы тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстрыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2022 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2023 жыл);

  • Жамбыл ауданы "Қызыл таң" ауылында орналасқан «Айша бибі» шипажай орталығының тас көмірде жұмыс істейтін қазандығын табиғи газға ауыстрыру және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттарды дайындау 2022 жыл, газға ауыстыру және қазандықты қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы 2023 жыл).

6) Негізгі жабдықтарының тозуына байланысты Тараз қаласының келесі қазандықтарына толық қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу:
               - Психдиспансер және №2 Перзентхана қазандықтары (орындау мерзімі 2024 жыл);
- №29, №27 және №28 орта мектептерінің қазандықтары (орындау мерзімі 2025 жыл);
- №50, №54 орта мектептері және №2 Қарттар мен мүгедектер үйі (АӘҚО №1) қазандықтары (орындау мерзімі 2026 жыл);
- Облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы және Наркодиспансер қазандықтары (орындау мерзімі 2027 жыл);
- Облыстық перинаталдық орталығы, Тілендиев атындағы мектеп-интернаты және Облыстық «Ана мен баланы» аялау орталығы қазандықтары (орындау мерзімі 2028 жыл).
Сенімгерлік басқаруға берілген кезеңде:

  • РК-1 қазандықтағы орналасқан бу қазандарының жұмыс істеуін сақтап қалу, олар: қысқы маусым кезіңде балама отынды (мазут) қыздыру үшін, мазут шаруашылығының штаттық режимде жұмыс істеуін сақтап қалу үшін, апаттық кезде табиғи газ беру тоқтатылған жағдайда балама отын түріне жедел көшу үшін және кесте бойынша жоғарғы жылу жүктемелерімен қамтамасыз ету үшін;

  • ҚНжЕ 2.04-01-2010 «Құрылыс климатологиясына» сәйкес тұтынушылар үшін жылумен қамту кезінде температуралық кестенің 95/70 болып сақталуын қамтамасыз ету;

  • нысанды кепілдікке бермеу, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалықтар салмау және сенімгерлік басқару мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймау;

- табиғат қорғау іс-шараларын өткізілуін қамтамасыз ету;
- қазіргі жұмыс орындарындағы білікті мамандардың жұмыс орны мен оның санын сақтап қалу;
- қоршаған ортаны және еңбек шартын қорғау ережелері мен қағидалары шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- нысанның берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеу;
- сенімгерлік басқарушының нысанды кейін сатып алуын қамтамасыз ету;
- жыл сайын құрылтайшыға атқарылған жұмыстары туралы есебін беру және тиісті саладағы жергілікті атқарушы органға ақпарат беру;
- баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерді сақтауға;
- нысанды сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелерін орындау;
- өндіріс көлеміне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасын сақтауды қамтамасыз ету;
- тұтынушыларға өнімді жеткізуді қамтамасыз ету.
Ескерту: объектіні жалғыз қатысушыға сатылуына жол берілмейді
Тендерді өткізу тәртібі:
Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
Өтінімге тіркеледі:
1) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);
2) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:
тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;
тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.
Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге қатысушы болып табылмайды.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге жіберген тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.
Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Кепілдік жарнаны қатысушылар «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның мынадай арнайы транзиттік есеп-шотына аударады: БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК КZKOKZKX, банк атауы «Казкоммерцбанк» АҚ, ТТК 171, БеК 16(банктік қызмет есебі кепілдік жарна төлемінің ішіне кірмейді).
Тендерлерді өткізу туралы қосымша мәліметтерді 8 (7262) 45-48-90, 45-93-12 телефондары және www.gosreestr.kz сайты арқылы алуға болады.
Тендер ұйымдастырушысының мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 4-қабат, 403 кабинет.
 

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Тараз қаласы, Қарахан көшесі 1 үй, 4 қабат, 40 бөлме) 2018 жылдың 31 қазаны күні сағат 17-00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Тараз қаласы, Қарахан көшесі 1 үй, 4 қабат, 40 бөлме) 2018 жылдың 31 қазаны күні сағат 17-00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысында «АзияТранзитКаз» ЖШС құжаттары қаралатын болады.
30 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында кәсіпорындарды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы электронды тендер өткізетінін хабарлайды.
1. Кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Айша бибі санаторийі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде қойылады. Объектінің бастапқы бағасы 1 060 011 000 теңгені, кепілдік жарнасы 159 001 650 теңгені құрайды. Тендердің өтетін уақыты мен күні: 2018 жылдың 23 қазанында, сағат 10:00-де.
4 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасын іске асыру туралы хабарландыру
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында «Ұзындығы 4,8 шақырым «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолының» құрылысы іске асырылатындығын хабарлайды.
1 Маусым 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
"БЖЗҚ" ақ барлық келем деушілерді ашық есік күніне шақырады
"БЖЗҚ" ақ барлық келем деушілерді ашық есік күніне шақырады
30 Мамыр 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы 2018 жылдың 8 маусымында сағат 10.00 www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Коммуналдық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бектіліген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүргізіледі (әрі қарай Қағида). Қағидамен www.gosreestr.kz сайтының «құқықтық негіз» бөлігінде танысуға болады.
17 Мамыр 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх