РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
ҚР Ұлттық Банкімен жүргізілетін мониторингке экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының қатысуының маңыздылығы
26 Қыркүйек 2017 Жыл0400
ҚР Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жүргізетін кәсіпорындар мониторингі өзекті, әрі жаңа жүйелердің бірі болып табылады. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі нақты сектор кәсіпорындарына тоқсан сайын пікіртерім сауалнамаларын таратып, олардан алынған жауаптарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорындар мониторингін жүргізу кәсіпорындардан алынатын ақпараттардың құпиялылығы, пікіртерім сауалнамаларының қарапайымдылығы және кәсіпорындардың еріктілігі қағидаларына негізделген.
ҚР Ұлттық Банкімен жүргізілетін мониторингке экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының қатысуының маңыздылығы
 
          ҚР Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жүргізетін кәсіпорындар мониторингі өзекті, әрі жаңа жүйелердің бірі болып табылады. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі нақты сектор кәсіпорындарына тоқсан сайын пікіртерім сауалнамаларын таратып, олардан алынған жауаптарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорындар мониторингін жүргізу кәсіпорындардан алынатын ақпараттардың құпиялылығы, пікіртерім сауалнамаларының қарапайымдылығы және кәсіпорындардың еріктілігі қағидаларына негізделген.
           Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №130 қаулысымен бекітілген Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген.
Кәсіпорындар мониторингін 2013-2017 жж кезеңде дамытудың негізгі мақсаты - баға индикаторларының және олармен өзара байланысты нақты сектор көрсеткіштерінің және олардың инфляциялық күтулерге әсерінің динамикасына, кредиттік белсенділіктің өзгеруіне, нақты сектордың кредит төлеу қабілеттілігіне және қаржылық орнықтылығының тәуекелдеріне, кәсіпорындар пікіртерімдерінің деректері бойынша үдемелі индикаторлар жүйесін құрудың негізінде тұтастай алғанда нақты сектордың экономикалық белсенділігінің циклдік өзгеруіне қатысты экономиканың нақты секторын дамытудағы қысқа мерзімді кезеңде күтілетін өзгерістер мен ағымдағы жай-күйін жедел бағалауды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық Банк жүргізетін кәсіпорындар мониторингінің ерекшеліктерінің бірі – ақпаратты жинау мен өңдеудің жеделдігінде. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қатысушы кәсіпорындарға талдамалық ақпараттық қайтарым нысандары таратылады. Бұл нысандарда кәсіпорынның шаруашылық жағдайының факторлық талдауы, оның қаржылық коэффициенттерінің өзгерісі және салалар кесіндісіндегі баға мен сұраныстың өзгерісі т.б. мәліметтер қамтылған. Сонымен бірге, таратылатын талдамалық ақпараттың негізіне кәсіпорындардың көрсеткіштерін, олардың орташа салалық деңгейімен салыстырып тексеруге болады, бұл кәсіпорынға тиісті саладағы өзіне бәсекелес позицияны бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Аталған ақпараттарды кәсіпорындар өндірісті жоспарлауда кеңінен пайдалануына болады. Әрбір кәсіпорын осындай талдамалық ақпаратты тоқсан сайын Ұлттық Банктен алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін кәсіпорын мониторинг жүйесіне қатысуға ниет білдірсе болғаны.
Сонымен, Ұлттық Банк жүргізетін мониторинг жүйесінің басымдығы дәстүрлі статистикалық және қаржы есептілігі шеңберінде кәсіпорындардың қолы жете бермейтін ақпаратты алу мүмкіндігімен тұжырымдалады. Мониторинг нәтижелері ресми статистика органдарының материалдарын ешбір жағдайда ауыстыра алмайды, ал кәсіпорындарға неғұрлым қысқа мерзімде экономикадағы үрдістер серпінін, оған түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, Ұлттық Банк еріктілік негізінде пікіртерімдер жүргізе отырып, кәсіпорынға пайдалы ақпарат жіберетін тең құқылы әріптес болып табылады.
            Жоғарыда айтылғандардың негізінде, кәсіпорынның және Ұлттық Банктің ортақ мүддесі үшін облыс кәсіпорындарын осы жүйеге қатысуға шақырамыз.
Кәсіпорындар мониторингіне қатысу бойынша қосымша ақпараттарды алу үшін, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына, мына мекенжай бойынша: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137, 201, 202 кабинет немесе 8 (7262) 455981, 999348 телефондары арқылы хабарласуға болады.
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
жетекші маман – экономисі
 Ақынбекова Динара Қасымбайқызы      
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0

Наверх