РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
2017 жылдың сәуір-маусым айларындағы аймақтағы қаржылық нарықтың жағдайы туралы
4 Қыркүйек 2017 Жыл0000
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 112 638,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 22,4% -ға немесе 20 639 млн. теңгеге көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 67,7%-ды немесе 76 212,6 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 32,3%-ды немесе 36 426,1 млн. теңгені құрады. 2016 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 58,9% немесе 28 239,6 млн. теңгеге көбейген (2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 47 973 млн. теңгені құраған), ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 17,3% немесе 7 600,6 млн. теңгеге азайған (2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 44 026,7 млн. теңгені құраған), оның негізгі себебі еркін айырбасталатын валютадағы депозиттердің азаюы болып табылады.
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 112 638,7 млн. теңгені  құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 22,4% -ға немесе 20 639 млн. теңгеге көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 67,7%-ды немесе 76 212,6 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 32,3%-ды немесе 36 426,1 млн. теңгені құрады. 2016 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 58,9% немесе 28 239,6 млн. теңгеге көбейген (2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша  47 973 млн. теңгені құраған), ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 17,3% немесе 7 600,6 млн. теңгеге азайған (2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 44 026,7 млн. теңгені құраған), оның негізгі себебі еркін айырбасталатын валютадағы депозиттердің азаюы болып табылады.
Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдары облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 102 387,4 млн. теңгені немесе 90,9% құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 21,9%-ға немесе 18 409,3 млн.теңгеге артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл басынан 27,8%-ға артып, 2017 жылдың маусым айының соңына облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 10 251,3 млн.теңгені немесе 9,1% құрады.
Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. Осылай, 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемінен 99% мерзімді болып табылады, ал шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі сәйкесінше 0,65% және 0,35% құрайды.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысы депозиттерінің үлесі республика бойынша депозиттердің жалпы көлемінде  1,1%-ды құрады.
2017 жылдың сәуір-маусым айларында Банктермен 192 929,5 млн. теңгеге депозиттер тартылған (2016 жылдың сәуір-маусым айларында 70 508,1 млн.теңге), бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе немесе 122 421,4 млн. теңгеге көп. Тартылған депозиттердің жалпы сомасының 22,19%-ы жеке тұлғалардан, 77,81%, заңды тұлғалардан тартылған, олардың ішінде 94,8% ұлттық валютада, қалған 5,2%-ы шетел валютасында. 2017 жылдың сәуір-маусым айларында заңды және жеке тұлғалардың шоттарынан 188 732,6 млн. теңге қайтарып алынған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе немесе 122 389,6 млн. теңгеге көп.
Депозиттердің тарту мерзімдері бойынша құрылымы. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 47,7%-ды (немесе 53 771,3 млн. теңгені) және қысқа мерзімділер – 51,3%-ды (немесе 57 749,3 млн. теңгені) құраса, ал қалған 1% (1 118,2 млн. теңге) шартты және талап етілген депозиттер құрайды.
Несие нарығы. 2017 жылдың сәуір-маусым айларында Банктермен берілген несиелердің көлемі 43 198,2 млн. теңгені құрады,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 79,3%-ға артық (2016 жылдың сәуір-маусым айларында 24 098,7 млн. теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 43 197,7 млн. теңге. Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 0,5 млн. теңгені құрайды. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 35 062,6 млн. теңге немесе 81,2% құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 8 135,6 млн. теңгені (18,8%) құрады.
Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 28 894,3 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 68,9% құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 14 303,9 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 33,1% құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі, 2017 жылдың сәуір-маусым айларында 6 343,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 62,7% артық (2016 жылдың сәуір-маусым айларында 3 898,4 млн. теңге сомасында несие берілген).
2017 жылдың сәуір-маусым айларында жеке және заңды тұлғалармен өтелген несиелердің жалпы сомасы 34 310,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2% немесе 6 681,5 млн. теңгеге көп. Соның ішінде жеке тұлғалармен 21 269,9 млн. теңге немесе өтелген несиелердің жалпы көлемінің 62% өтелген (2016 жылдың сәуір-маусым айларында бойынша сәйкесінше 18 124,8 млн. теңге немесе 65,6%), ал заңды тұлғалармен 13 040,4 млн. теңге немесе 38% несиелер өтелген (2016 жылдың сәуір-маусым айларында 9 504 млн. теңге немесе 34,4%).  
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысы бойынша несиелер бойынша берешектер қалдықтары 162 427,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 915 млн. теңгеге немесе 8,6%-ға артты. Заемдар құрылымында теңгедегі несиелердің үлесі 98,2% немесе 159 496,7 млн. теңгені құрады, қалған 1,8% - шетел валютасында берілген заемдар (2 930,9 млн. теңге). Жеке тұлғалар несиелерінің көлемі 127 688,7 млн. теңгені немесе ссудалық берешектердің жалпы көлемінен 78,6% құрады, ал заңды тұлғалардың қарыз үлесі 34 738,9 млн. теңгені немесе 21,4% құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша несие берешегінің қалдығы 2017 жылғы  1 шілдедегі жағдайға 31 172,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% немесе 1 162,3 млн. теңгеге жоғары.
Облыстың несиелік портфелінде заемдардың мақсатты бағытталуы бойынша халықтың тұтынушылық мақсатына (несиелердің жалпы көлемінің 53,7%-ы немесе 87 250,1 млн. теңге), айналым құралдарын толықтыруға (13,5% немесе 21 948,4 млн. теңге), сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй салуына және сатып алуына (12,5% немесе 20 286,9 млн. теңге) берілген несиелер ауқымды бөлікті құрайды. 
Жалпы облыстың несиелерінің барлық түрлері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылғы маусым айының соңында 16,7% құрады (2016 жылғы маусым айының соңында аталған көрсеткіш 16,4% құраған). Ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,3% көбейіп, 16,8%-ды құрады, ал шетел валютасындағы несиелер 0,8% төмендеп, 12,1%-ды құрады. Заңды тұлғалардың несиелері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 14%-ды құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға жоғары, ал жеке тұлғалардың заемдары бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 17,5%-ды құрады (01.07.2016ж. – 17,3%).
 Облыстың несие нарығына талдау жасай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің кемігендігін айтып өткен жөн. 2016 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 16 442,6 млн. теңгені құраса, 2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 15 775,6 млн. теңгені құрап отыр. Мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінен азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген несиелер 41,7%-ды, ал азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алуына берілген несиелер 12,8%-ды құрайды. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен берешектер ағымдағы жылдың маусым айының соңына 2 522,3 млн. теңгені немесе шағын кәсіпкерлікке берілген несиелердің жалпы көлемінің 8,1%-ын құрады.
 
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
бас маман-экономисі
Қожаева Бекзат Өмірбекқызы
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх