РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Сыртқы экономикамен айналысатын кәсіпорындардың назарына! Төлем балансы бойынша тапсырылатын есептіліктерді мерзімінде тапсырмағаны үшін жүктелетін жауапкершілік туралы
31 Тамыз 2017 Жыл0000
Бұл ақпарат сыртқы экономика қызметімен айналысатын кәсіпорындардың басшыларының назарына арналған.
Бұл ақпарат сыртқы экономика қызметімен айналысатын кәсіпорындардың басшыларының назарына арналған.
            Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы» Қаулысымен меншік нысанына қарамастан, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпорындар мен ұйымдар ҚР Ұлттық Банкіне елдің төлем балансы бойынша бекітілген нысандарға сәйкес статистикалық есептерді тапсыру міндеті белгіленген.

Өкінішке орай сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын шаруашылық субъектілерінің бәрі бірдей төлем балансы бойынша есептерді тапсырудың маңыздылығын түсіне бермейді, ал кейбірі тіпті білмейді.

Төлем балансында белгіленген уақыт кезеңі үшін әлемдегі қалған елдермен елдің экономикалық операциялары (резиденттер және резидент еместер) жиынтық түрде көрсетіледі. Төлем балансы республика бойынша құрылады және оны қалыптастыру үшін елге келетін және елден шығатын барлық қаржылық және тауарлық ағындар туралы толық ақпарат қажет.

Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мемлекеттік статистикалық есептердің нысандары жасалып, статистика жөніндегі Агенттікпен бекітілді. Осы есептілікті жинау нәтижесі бойынша Ұлттық Банк мемлекеттің төлем балансын жасайды.

Сонымен, резиденттер өздерінің тіркелген орындары бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына төлем балансы бойынша келесі есептерді тапсырулары тиіс: Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп (1-ТБ), Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) көлік қызметтері туралы есеп (2-ТБ), Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) темір жол көлігі қызметтері туралы есеп (3-ТБ), Резидент емес көлік кәсіпорындарының атынан жүзеге асырылған операциялар туралы есеп (4-ТБ), Резидент емес көлік кәсіпорындарына ұсынылған қызметтер туралы есеп (5-ТБ), Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) байланыс қызметі туралы есеп (6-ТБ), Резидент еместер мен халықаралық операциялар туралы есеп (10-ТБ). Заңнамамен осы есептерді ұсыну мерзімдері белгіленгенін айта кеткен жөн.

Сонымен бірге, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 497 бабымен бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Осылай, мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді дәйексіз ұсынғаны үшін ескерту жасалады.  

Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 497 бабының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау – жеке тұлғаларға он (22 690 теңге), лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он төрт (31 766 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма (45 380 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма (272 280 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондықтан, егер Сіздің ұйымыңыз сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын болса, Ұлттық Банктің Жамбыл филиалына хабарласып, төлем балансы бойынша тапсырылатын есептілікке қатысты толық ақпарат алуларыңызға болады. Сондай-ақ төлем балансы бойынша есептердің нысандарын және оларды толтыру бойынша нұсқауларды Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz интернет ресурсында табуға болады (жолы: «Статистика» бөлімі → жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Статистикалық есептілік нысандары» шағын бөлімі → «Төлем балансы бойынша статистикалық есептілік нысандарының тізімі» таңдау).
Аталған есептіліктерге қатысты қосымша ақпаратты ҚРҰБ Жамбыл филиалының 99-93-48, 45-59-81, 45-78-68, 45-68-37 телефондарына хабарласып алуға болады.
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
бас маман-экономисі
Тасқараев Талант Маратұлы

 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх