РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Тауарлар мен қызметтерге POS-терминал арқылы төлем жүргізу туралы
20 Шілде 2017 Жыл0000
Ұлттық Банк бұған дейін БАҚ-та қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдер мен төлем карталарының артықшылығы туралы бірқатар материалдар жариялаған. Бүгін осы айдардың жалғасы ретінде тауарлар мен қызметтер үшін POS-терминалдар арқылы төлем жүргізу жөнінде айтатын боламыз.
Ұлттық Банк бұған дейін БАҚ-та қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдер мен төлем карталарының артықшылығы туралы бірқатар материалдар жариялаған. Бүгін осы айдардың жалғасы ретінде тауарлар мен қызметтер үшін POS-терминалдар арқылы төлем жүргізу жөнінде айтатын боламыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 Қаулысына, сондай-ақ 2016 жылдың 26 шілдесіне дейін қолданыста болған «Ақша төлемі мен ақша аударымдары туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2013 жылдың басында Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлерінің тізілімі бекітілгені белгілі. Мұндай құрылғыларға POS – терминал жатады.
POS-терминал – клиенттерге банк карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы электрондық құрылғы.
POS-терминал банктермен немесе жекелеген банктік операцияларды жүргізетін ұйымдармен шартқа отыру негізінде орнатылады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған POS-терминалды орнату құны мен шарттары, сондай-ақ ақша қаражатын аудару құны бұл жағдайда қызмет көрсететін банкпен келісіледі және шартпен бекітіледі. POS-терминалдың болуын салық органдары тексергенімен, бұл құрылғы салық органдарында тіркеуді талап етпейді.
POS- терминалдармен жабдықталған сауда және қызмет көрсету орындарында тауарлар мен қызметтерді комиссиясыз төлей аласыз. Бұл ретте POS – терминалдың қай банкке тиесілі екендігі маңызды емес.
Картаны қолдану мүмкіндігі жөнінде дүкендердің есік-терезелеріндегі төлем жүйелерінің логотиптері бар жапсырмалардан көруге болады. Онда төлем жүйесінің атауы, карталардың типтері, сонымен қатар сол сауда орталығына қызмет көрсетуші банк көрсетіледі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын кезде кассирдің Сіздің картаңызды мұқият тексеруіне дайын болыңыз. Есеп айырысу технологиясы картаның түріне байланысты. Олар біріктірілген магниттік жолақты немесе чипті болады. Бірінші жағдайда кассир картаны POS-терминалдан өткізеді. Бұл уақытта процесинг орталығына сұрау жіберіледі. Карта оқшауланбаған және шоттағы ақша жеткілікті болса, транзакцияны жүргізуге рұқсат  беретін жауап келеді. Авторизация нәтижелерінен кейін POS-терминалда чек қалыптастырылады. Оған Сіздің қол қоюыңыз қажет. Кассир чектегі және картадағы қол қою үлгілерін салыстыруға міндетті. Олардың айырмашылығы жөнінде күмән пайда болған жағдайда, ол қосымша сәйкестендіру жүргізу үшін, Сізден жеке куәлік (жүргізуші куәлігін, төлқұжат) сұрайды. Алайда, кассирдің PIN-кодты сұрауына тыйым салынған.
Чиптік карта қолданылған кезде қосымша сәйкестендірумен байланысты келеңсіздіктер орын алмайды. Бұл кезде арнайы пернетақтада (PIN-pad) PIN-кодты енгізу қажет. Операцияны жүргізгеннен кейін чекте «Операция PIN - кодпен сәйкестендірілді» деген жазу жазылып шығады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде Visa payWave немесе MasterCard PayPass сияқты инновациялық технологиялы байланыссыз карталар қолданылады. Олардың көмегімен тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді бір қимылмен ғана жүргізесіз, яғни картаңызды кассада тұрған POS – терминалға жақындатсаңыз болғаны. Әдетте мұндай төлемдер белгілі бір сома шегінде қолданылады. Сол сияқты, POS – терминал арқылы смартфонды пайдалана отырып  төлем жасай аласыз. Ол үшін NFC технологиясы қолданылады. Ағылшын тілінен аударғанда «жақын радиустан әрекет ететін коммуникациялар» деп аударылады. Ол үшін Мобильді қосымшаны смартфоныңызға жүктеп, мобильді телефонды POS – терминалға жанастыру арқылы дүкендерден сатып алу әрекеттерін жасауға болады.
Жалпы, POS-терминал арқылы төлемдерді жүргізу банк карталары бар қазақстандықтардың өмірін әлдеқайда жеңілдетеді.
 
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
бас маман-экономисі Тәжібаева Гүлназ
 
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх