РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық монеталары - ақша сақтаудың балама түрлерінің бірі
14 Шілде 2017 Жыл0000
Инвестициялық монеталар – бұл жоғары сынамды алтыннан (999,9) дайындалатын «proof» сапалы алтын және күміс монеталар. Инвестициялық монеталар инвестициялау және жинақтаудың объектісі болып табылады.
           Инвестициялық монеталар – бұл жоғары сынамды алтыннан (999,9)  дайындалатын «proof»   сапалы алтын және күміс монеталар. Инвестициялық монеталар инвестициялау және жинақтаудың объектісі болып табылады.
          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтын инвестициялық монеталарын бірінші рет   1996 жылы 19 ақпанда шығарды. «Жібек жолы» монеталар сериясы номиналдары 1000 теңгелік, 2500 теңгелік, 5000 теңгелік және 10 000 теңгелік  сәйкесінше салмақтары алтынның 1/10, 1/4, ½-ден 1[1] унциясына дейін шығарылатын 4 монетадан тұрады. «Жібек жолы» монеталар сериясы шығарылмайтындықтан, бұл серияның құндылығы артады, өйткені монеталар сирек кездесетін заттар қатарына жатады.
          «Алтын барыс» және «Күміс барыс» инвестициялық монеталар сериялары  «Жібек жолы» монеталар сериясына қарағанда әр  алуан, монеталар алтынның 1/10 -нан  5 унциясына дейін шығарылады. «Күміс барыс»  сериясындағы монеталар 4 түрлі болады: 1, 2, 5 және  күмістің 10 унциясы. Инвестициялық монеталар арнайы мөлдір пластикалық капсулада шығарылады. Монеталардың өздерінде барлық деректер көрсетіледі: монеталардың атауы мемлекеттік және ағылшын тілдерінде, шығарылым жылы, номиналы, монеталарды дайындауға арналған металл, сынамасы, салмағы.
          Инвестициялық монеталардың артықшылығы – олардың сатып алу құнына қосымша құн салығының (ҚҚС) кірмейтіні. Сонымен қатар, дүниежүзілік нарықта алтын мен күмістің құны өскен сайын, инвестициялау бұйымы ретінде, инвестициялық монеталарға қызығушылық арта түседі. Оларды ұзақ мерзімді инвестиция құралы  және жинақтаған ақшаңыздың  қорғаныс құралы ретінде қарастыруға болады. Барлық салымдардың ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық монеталарына салымдар – ең тиімдісі болып табылады.               
          Мысалы, инвестициялық монеталарға салымдарды зергерлік бұйымдарға салынған салымдармен салыстырғанда, зергерлік бұйымдарға салынған салымдардың кемшілігі – бұйымдарды сатып алу және сату бағаларының үлкен айырмашылығы болып табылады.  Зергерлік бұйымдарды ломбардтарға тапсырған кезде, зергердің жұмысы саналмайды, ал төленетін – тек таза алтынның құны.  Алтынның түрлі сынамдарынан жасалған зергерлік бұйымдардың сынығын сатып алу да  үлкен пайда келтірмейді, өйткені ломбардтарда олар қазіргі дүниежүзілік алтынның бағасынан төмен бағамен сатып алынады. Ал инвестициялық монеталарға келетін болсақ, олардың бағасына номиналы, оларды шығару және логистика шығындары ғана кіреді.
           Жеке және заңды тұлғалар оларды кез-келген уақытта ҚР Ұлттық Банкіне және оның аумақтық филиалдарына белгіленген тәртіпте өткізе алады. Инвестициялық монеталар бұйымының жағдайына қарамастан қайта сатып алынады. Тоттану немесе сызаттар сияқты көзге түсетін ақаулар монеталарды қайта сатып алу кезінде ескерілмейді, өйткені металдың салмағы маңызды.      
           Осылайша, инвестициялық монеталарды қайта сатып алу кезінде, монеталардағы металдың салмағына қарай ақша сомасы төленеді. Монеталардағы бағалы металдардың түпнұсқалығын анықтау үшін ҚР Ұлттық Банкімен сараптама ақысыз жүргізіледі. ҚР Ұлттық Банкімен қайта сатып алынатын инвестициялық монеталар құндылығының есебі химиялық таза бағалы металдың салмағының (сараптаманың қорытындысына сәйкес), тиісті бағалы металдардың Лондон бағалы  металдар нарығының  қауымдастығы (LBMA) химиялық таза бағалы металдың бір унциясы үшін белгілеген  таңертеңгі бағасының бағамдалуының және Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай  бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының екі: таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамының негізінде анықталады.          
           Инвестициялық монеталардың толық тізбесімен, олардың бейнелерімен және толық сипаттамаларымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында  http://nationalbank.kz  танысуға болады.
 
 
 
           Монеталарды Ұлттық Банктің барлық аймақтық филиалдарында сатып алуға болады. Тараз қаласында: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй мекенжайы бойынша орналасқан Жамбыл филиалынан сатып алуға болады, тел: +7 /7262/ 45-16-60, 45-09-92, 45-18-09.
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
бас маман-экономисі
Нұрбаева Жәмиля
 
 
[1] 1 унция = 31,1034768 грамм
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх