РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу – ҚР ҰБ Жамбыл филиалымен мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүргізіледі
29 Маусым 2017 Жыл01700
Микрокредит беру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі - МҚҰ) ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында есептік тіркеуден өтуі қажет. Есептік тіркеу дегеніміз МҚҰ тізіліміне енгізу болып табылады.
Микрокредит беру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі - МҚҰ) ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында есептік тіркеуден өтуі қажет. Есептік тіркеу дегеніміз МҚҰ тізіліміне енгізу болып табылады.
МҚҰ есептік тіркеу ҚР ҰБ Жамбыл филиалымен «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет стандарты және регламентіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүргізіледі.
ҚР ҰБ Басқармасының 30.04.2015ж. №71 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес  (бұдан әрі - Стандарт) қызмет қағаз және электронды нысандарында тегін түрде көрсетіледі.
МҚҰ есептік тіркеуден өту үшін Филиалға белгіленген үлгідегі өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:
- жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы ақпарат. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері 30 000 000 теңгені құрайды. Жарғылық капитал тек қана ақша түрінде ұлттық  валютада қалыптастырылатынын атап өткен жөн.
- бар болған жағдайда ішкі бақылау қызметі туралы ереже.
- микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын, микроқаржы ұйымының қызметі бағытталған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы), қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтерді көрсету және (немесе) Заңның 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі), ағымдағы ахуалдың талдауын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын, ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;
- өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар не қатысушылар, атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері туралы мәліметтер;
- Заңның 17 бабында көзделген мәліметтерді қамтитын микроқаржы ұйымының жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;
- «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі ҚР Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына ұсынылатын талаптарға сәйкес келу туралы құжаттың көшірмесі. МҚҰ кредиттік бюроларға ақпарат беруші ұйымдар болып табылады, ал ақпарат берушілер мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюролармен шарт жасасуға міндетті.
Ұлттық Банк филиалы МҚҰ құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қарастырып және нәтижелері бойынша МҚҰ тізіліміне енгізеді немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген себептер және негіздер бойынша бас тарту туралы жазбаша жауап береді. Ұйым тізілімге кірген күннен бастап микроқаржы ұйымының мәртебесін,  құқығын және міндетін иемденеді.
Сонымен бірге электронды түрде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
ҚР Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған МҚҰ тізіліміне сәйкес, 2017 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында 2 МҚҰ тіркелген.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат  www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімінде, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталындағы «Бизнеске» бөліміндегі «Лицензиялау» бөлімшесінде орналастырылғанын қосымша хабарлаймыз. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірегей байланыс орталығының телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
 
 
ҚР Ұлттық Банк Жамбыл филиалы
бөлімінің бастығы
Дәурен Төлепбергенов
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх