РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
ҚР Ұлттық Банктің шығарған монеталары туралы
5 Шілде 2018 Жыл0000
ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (бұдан әрі - ҚРҰБ) ҚР Заңына сәйкес ҚР-ның ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады. Сонымен қатар, ҚРҰБ банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығару бойынша айырықша құқыққа ие. ҚРҰБ соңғы шығарған монетасы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясы бойынша «Астана 20 жыл» атты монета ол 3 түрлі болып шығарылды.
ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (бұдан әрі - ҚРҰБ) ҚР Заңына сәйкес ҚР-ның ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады. Сонымен қатар, ҚРҰБ банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығару бойынша айырықша құқыққа ие. ҚРҰБ соңғы шығарған монетасы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясы бойынша «Астана 20 жыл» атты монета ол 3 түрлі болып шығарылды.
  1. «Астана 20 жыл» МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 11,17 грамм «brilliant  uncirculated» сапасымен, номиналдық құны 100 теңге.
2) «Астана 20 жыл»  925/1000 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, «prof» сапасымен, номиналдық құны 500 теңге. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер бедерлі, айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
3) «Астана 20 жыл» 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы – «proof».
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Астананың әйгілі ғимараттарынан коллаж орналастырылған. Жоғары бөлігінде «АСТАНА» деген жазба және аспанның стильдендірілген голографиялық бейнесі орналастырылған.Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнектің голографиялық бейнесімен толтырылған «20» деген санның стильдендірілген бейнеленуі, «ЖЫЛ» деген жазба және Қазақстан Республикасының астанасы құрылған жылды және монета соғылған жылды білдіретін «1998-2018» жазба орналасқан.
ҚРҰБ коллекциялық монетаны өндіруге кететін шығыны, монетаның нақты құны, оның массасы, монета құрамындағы бағалы металдың ағымдағы нарықтық құны және белгіленген пайыздық үстемесі монетаның сатылу бағасын қалыптастыратынын білгеніміз жөн. Тиісті бағалы металдың құны күнделікті Лондон қымбат бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы белгілеген таңертеңгі фиксингі бойынша белгіленеді. Бағалы металдардан жасалған монеталардың маңызды артықшылығы олар арқылы операция жүргізу барысында мемлекет тарапынан қосылған құн салығы алынбайды. Олардың сату бағасы монета құрамындағы бағалы металдардың барынша жақындатылған құнымен анықталады.   
Сонымен қатар, ҚРҰБ-нің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банк филиалдары ҚРҰБ шығарған монеталарды қайта сатып алуды жүзеге асырады. Қайта сатып алынған монеталар монета құрамындағы металдардың шынайылығын, оның сынамасы мен нақты массасын анықтау үшін сараптамаға жіберіледі. Сараптама оң нәтижелі болған жағдайда, Ұлттық Банк филиалы монетаны қабылдаған күннен бастап он күн ішінде, сараптама қорытындысын монета тапсырған тұлғаға хабарлап, монетаның құнын төлейді. Ал монета металының құны, монетаны тапсырған күндегі қалыптасқан бағаммен анықталады.
Егер монетаға салым жасауды ниет етсеңіздер, Ұлттық Банк филиалдарының кассаларынан инвестициялық және басқа да монеталарды сатып алуыңызға болады.  Монеталарды төлем карточкалары арқылы, ақшасыз есеп айырысумен сатып алу мүмкіндігі де қарасытырлған.       
Сонымен қатар, www.nationalbank.kz сайтынан әрбір шығарылған монета туралы, оның суреттемесі, бағалары, таралымы жайлы бүкіл ақпаратты оқи аласыз. Толығырақ ақпарат алу үшін ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі 137, 106 каб, тел. 8 (7262), 99-93-52.
 
                                                                           
 ҚР Ұлттық Банкі                                                                                                                                          Жамбыл филиалының
бөлім бастығының орынбасары
 Сеңгірбаев Мақсат
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх