РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
28 Мамыр 2018 Жыл0000
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 127 391,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 18,7%-ға немесе 20 095,9 млн. теңгеге көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 70,4%-ды немесе 89 675,7 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 29,6%-ды немесе 37 716,1 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 27,4% немесе 19 294,2 млн. теңгеге көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2,2% немесе 801,7 млн. теңгеге азайған.
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 127 391,8 млн. теңгені  құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 18,7%-ға немесе 20 095,9 млн. теңгеге көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 70,4%-ды немесе 89 675,7 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 29,6%-ды немесе 37 716,1 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 27,4% немесе 19 294,2 млн. теңгеге көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2,2% немесе 801,7 млн. теңгеге азайған.    
Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдары облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 118 108,9 млн. теңгені немесе 92,7% құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 19,9%-ға артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл басынан 6,1%-ға артып, 2018 жылдың 1 тоқсанының соңына облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 9 282,9 млн.теңгені немесе 7,3% құрады.
Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. Осылай, 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемінің 99,3% мерзімді болып табылады, ал шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі сәйкесінше 0,4% және 0,3% құрайды.
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы депозиттерінің үлесі республика бойынша депозиттердің жалпы көлемінде  1,2%-ды құрады.
2018 жылдың 1 тоқсанында Банктермен 106 263,6 млн. теңгеге депозиттер тартылған, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1%-ға немесе 30 120,9 млн. теңгеге аз. Тартылған депозиттердің жалпы сомасының 51%-ы жеке тұлғалардан, 49% заңды тұлғалардан тартылған, олардың ішінде 92,9% ұлттық валютада, қалған 7,1%-ы шетел валютасында. 2018 жылдың 1 тоқсанында заңды және жеке тұлғалардың шоттарынан 103 284,5 млн. теңге қайтарып алынған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ға  немесе 31 700 млн. теңгеге аз.
Депозиттердің тарту мерзімдері бойынша құрылымы. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 47,2%-ды (немесе 60 085,7 млн. теңгені) және қысқа мерзімділер – 52,1%-ды (немесе 66 407,3 млн. теңгені) құраса, ал қалған 0,7% (898,8 млн. теңге) шартты және талап етілген депозиттер құрайды.
Несие нарығы. 2018 жылдың 1 тоқсанында Банктермен берілген несиелердің көлемі     37 428 млн. теңгені құрады,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық (2017 жылдың 1 тоқсанында 29 694,7 млн. теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 37 427,9 млн. теңге. Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 0,1 млн. теңгені құрайды. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 28 194,2 млн. теңге немесе 75,3%-ды құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 9 233,8 млн. теңгені (24,7%) құрады.
Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 27 762,4 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 74,2% құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 9 665,6 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 25,8% құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі, 2018 жылдың 1 тоқсанында 7 384,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 14,4% артық (2017 жылдың 1 тоқсанында 6 455,8 млн. теңге сомасында несие берілген).
2018 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалармен өтелген несиелердің жалпы сомасы 33 095 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9% немесе 7 412,2 млн. теңгеге көп. Соның ішінде жеке тұлғалармен 25 123,7 млн. теңге немесе өтелген несиелердің жалпы көлемінің 75,9% өтелген (2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша сәйкесінше 19 242,9 млн. теңге немесе 74,9%), ал заңды тұлғалармен 7 971,3 млн. теңге немесе 24,1% несиелер өтелген (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 6 439,9 млн. теңге немесе 25,1%). 
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы бойынша несиелер бойынша берешектер қалдығы 181 325,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 378,5 млн. теңгеге немесе 17,0%-ға артқан. Заемдар құрылымында теңгедегі несиелердің үлесі 98,9% немесе 179 375,1 млн. теңгені құрады, қалған 1,1% - шетел валютасында берілген заемдар (1 949,9 млн. теңге). Жеке тұлғалар несиелерінің көлемі 142 747,4 млн. теңгені немесе ссудалық берешектердің жалпы көлемінен 78,7% құрады, ал заңды тұлғалардың қарыз үлесі 38 577,7 млн. теңгені немесе 21,3% құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша несие берешегінің қалдығы 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға 37 293,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0% немесе 1 074,6 млн. теңгеге жоғары.
Облыстың несиелік портфелінде заемдардың мақсатты бағытталуы бойынша халықтың тұтынушылық мақсатына (несиелердің жалпы көлемінің 54,5%-ы немесе 98 771,9 млн. теңге), айналым құралдарын толықтыруға (13,5% немесе 24 495,6 млн. теңге), сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй салуына және сатып алуына (12,0% немесе 21 651,5 млн. теңге) берілген несиелер ауқымды бөлікті құрайды. 
Жалпы облыс бойынша несиелердің барлық түрлері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2018 жылдың наурыз айының соңында 15,8% құрады (2017 жылғы наурыз айының соңында аталған көрсеткіш 16,6% құраған). Ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,9% төмендеп, 15,8%-ды құрады, сонымен қатар шетел валютасындағы несиелер де 1,6% төмендеп, 10,9%-ды құрады. Заңды тұлғалардың несиелері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,6%-ды құрады (01.04.2017ж. жағдайға – 14,0%), ал жеке тұлғалардың заемдары бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 16,6%-ды құрады (01.04.2017ж. жағдайға – 17,3%).
 Облыстың несие нарығына талдау жасай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің кемігендігін айтып өткен жөн. Егер 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 21 555,9 млн. теңгені құраса, 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш сәйкесінше 15 414,4 млн. теңгеге дейін (8,5%) азайып отыр. Мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінен азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген несиелер 43,9%-ды, ал азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алуына берілген несиелер 11,3%-ды құрайды. Шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен берешектер 2018 жылдың 1 тоқсанының соңына 2 412,6 млн. теңгені немесе шағын кәсіпкерлікке берілген несиелердің жалпы көлемінің 6,5%-ын құрады.
 
 
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
бас маман-экономисі
Тасқараев Талант Маратұлы
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх