РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
16 Қазан 2018 Жыл0000
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
        Ақша-кредит операцияларының операциялық тиімділігін арттыру үшін пайыздық дәліз шектерін тарылту қажеттілігі қарастырылады.
 
         Инфляциялық ая ағымдағы кезде қалыпты болып сипатталады. Жылдық инфляция қыркүйекте 6,1% деңгейінде қалыптасты. Жеміс-көкөніс өнімдері ұсынысының жоғары болуы аясында олардың маусымдық арзандауына қарамастан, нарықтарда қанттың, жармалардың, нан- тоқаш өнімдерінің, жұмыртқаның, тауық етінің қымбаттауы азық-түлік инфляциясының тамыздағы 5,1%-дан қыркүйекте 5,7%-ға дейін көтерілуіне әкеп соқты. Азық-түлікке жатпайтын құрауыш жанар-жағар май материалдары бағасының төмендеуі, сондай-ақ қалған азық-түлікке жатпайтын тауарлардың және халыққа көрсетілетін ақылы қызметтің қалыпты баға серпіні аясында қатты отынның қымбаттауы ықпалында болды.
         Өнеркәсіп өндірісіндегі дайын тұтынушылық тауарлар бағасының өсуі қалыпты (жылдық көрсетуде 3,6%) болып қалды. Соған қарамастан, өңдеу өнеркәсібінде сақталып отырған бағаның жоғары өсуі (10,3%) 6-12 айға дейін шекте тұтыну инфляциясына қысым жасайтын болады.
          Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, ағымдағы жылы инфляция 5-7% нысаналы дәліз ішінде қалыптасады, ал 2019 жылы жоғары шегіне жақындай отырып, біртіндеп 4-6%-дық жаңа дәлізге енетін болады.
          Тамызда және қыркүйекте айырбастау бағамының жоғары құбылмалылығы аясында инфляциялық күтулердің өсуі (шілдедегі 5,6%-дан тиісінше 5,9%-ға және 6,4%-ға дейін) байқалды, бұл олардың қысқа мерзімді кезеңдегі орнықсыз сипатын растайды. Халық қабылдайтын инфляция да көтерілді - «өткен 12 айда тауарлар мен қызметтердің бағасы бұрынғыға қарағанда тез өсті» деп санайтын респонденттердің үлесі ағымдағы жылғы тамыздағы 41,3%-бен салыстырғанда қыркүйекте 42,5% болды.
          Ішкі сұраныс халықтың нақты кірістерінің (8 айда 3,5%-ға өсу) және тұтынушылық мақсаттарға кредиттер көлемінің (тамызда - жылдық көрсеткіш бойынша 12%) өсуі салдарынан кеңеюін жалғастырды. Орта мерзімді кезеңде халықтың кірістерінің өсуі экономикаға проинфляциялық қысым көрсете отырып, ең төменгі жалақы деңгейінің алдағы өсуімен нығайтылады.
          Экономиканың нақты өсуінің оның әлеуетті деңгейінен асуын көрсете отырып, ІЖӨ-нің оң айырмасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың мәні 2018 жылдың қаңтар- қыркүйегінде 104,8%-ды құрады. Тау-кен (4,9%) және өңдеуші (5,1%) өнеркәсіп, көлік (4,6%) және сауда (6,7%) өсуге оң үлес қосты.
          Сыртқы сектордағы ахуал жетекші орталық банктердің, сондай-ақ жекелеген дамушы елдердің орталық банктерінің капиталдың әкетілуіне және олардың ұлттық валюталарының әлсіреуіне жауап ретінде монетарлық талаптарды қатаңдатуымен қатар орын алуда.
          Сыртқы сектор тарапынан проинфляциялық қысым тәуекелі базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы шешімді қабылдау кезеңімен салыстырғанда сақталып отыр. Тәуекелдің басты факторларының бірі ретінде ағымдағы жылы негізгі сауда-саттық әріптес елдердегі инфляцияның нақты өсуімен қатар, ағымдағы және келесі жылдары оның нысаналы көрсеткіштерден жоғары деңгейге дейін үдемелі өсуін күту болып қалады.
          Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі теңгемен активтерге деген сұраныстың артуына және ақша-кредиттік талаптарды бейтарап деңгейге жақын деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Ақша-кредиттік талаптарды қатаңдату қажеттілігі болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалады.
         Ақша-кредит операцияларының тиімділігін арттыру үшін Ұлттық Банк алдағы уақытта TONIA таргеттелетін мөлшерлемесінің нысаналы дәліз шегінде, оның ішінде таргеттелетін мөлшерлеменің базалық мөлшерлемеге жақын келуі есебінен қысқа мерзімді болжамының жақсаруын қажет деп санайды.
         Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 3 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.
 
 
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727)270 45 85 +7 (727)3302 497
e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz
 
 
 
                                                                                                                               ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх