РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
2 Қазан 2018 Жыл0000
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
Банк қызметі - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Банктер), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында (бұдан әрі - Банктер туралы заң) белгіленген банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруы , атап айтқанда депозиттерді қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу, заңды және жеке тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, кассалық операциялар, ақша аудару операциялары, есепке алу операциялары, банк қарыз операциялары, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау, аккредитивтерді ашу және растау, банктердің банктік кепілдіктерін беру, банктердің банктік кепілдіктерді және ақшалай нысанда орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін өзге міндеттемелерді беруі болып табылады.
Сонымен, кез келген азамат банк қызметін алған кезде нені білуі керек?
Банктер банк қызметін көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28-шілдедегі №136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қызметтерді ұсыну үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын басшылыққа алады  (бұдан әрі- Қағидалар).
Қағидаларға сәйкес Банктер банк қызметін көрсету кезінде банктік қызмет көрсету туралы шартты жасасқанға дейін клиентке:
  • мөлшерлемелер мен тарифтер, банктік қызмет көрсету туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты (өтініш беру қажет болғанда);
  • қызмет көрсету талаптары туралы ақпаратты және банктік қызмет көрсету туралы шартты жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуға;
  • банктік қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпаратты;
  • клиентте туындаған мәселелер бойынша кеңес беруге;
  • клиенттің қалауы бойынша – банктік қызмет көрсету туралы шарттың жобасын беруге;
  •  клиенттің банктік қызмет көрсету туралы өтінішін банктің операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларында белгіленген мерзімдерде қарауға (өтініш беру қажет болғанда);
  • банктік қызмет көрсету туралы шарт жасағанға дейін клиентке оның талаптарымен танысу үшін қажет уақыт беруге;
  • клиентті алынатын банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде оның банкке, банк омбудсманына (ипотекалық қарыздар бойынша), уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екені туралы хабардар етуге. Осы мақсатта клиентке банктің, банк омбудсманының және уәкілетті органның орналасқан жері, почталық және электрондық адрестері және интернет-ресурстары туралы ақпарат беруге;
  • клиент берген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Белгіленген Қағидалар Банктің клиенттеріне банктік несиелер беру және төлем қабілетсіз клиенттермен жұмыс істеу, банктік салым шарттарын жасасу және банктік қызметтерді ұсыну үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау бөлігінде банктік қызметтер туралы ақпарат алуға құқық береді.
Ұлттық Банкке, қаржы секторының реттеушісі ретінде қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау функциялары жүктелген. Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтердің ауқымын кеңейтуіне байланысты халықтың қаржылық сауаттылығы және қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері өзекті болып отыр.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің бірі қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Банк қызметтері туралы, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда әрбір азамат Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137 үй мекенжайы бойынша орналасқан ҚРҰБ Жамбыл филиалына жүгінуге  құқығы бар.
 
ҚР Ұлттық Банкі
Жамбыл филиалының
жетекші маманы
Нұрлыбаев Дәңгір
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх