РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
2 Қазан 2018 Жыл0000
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының 1 бабының 58) тармақшасына сәйкес төлем талабы - бенефициар немесе бенефициардың банкі ақша жөнелтушінің банкіне ұсынатын, төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын ақша жөнелтушінің банктік шотынан төлеу туралы төлем құжаты болып табылады.
Төлем талабының, клиент өзінің қызмет ететін банкіне нұсқау бергенде қолданылатын төлем тапсырмасынан айырмашылығы, төлем талабын қолданғанда клиенттің (ақша жөнелтушінің) банкіне төлем туралы нұсқауды үшінші тұлға (бенефициар) береді, әдеттегідей, банк клиентінің үшінші тұлғаның алдында ақшалай міндеттемесі болады.
ТТ қолдану оны акцептсіз пайдалану жағдайын көздейді. Қарызгердің банктік шотынан ақша қаражатын акцептсіз алу үшін банк шот иесінің келісімін дәлелдейтін құжатты ұсынуы тиіс. Әдетте, мұндай құжат, ол қарызгердің, оның кез-келген банктік шотынан кредит бойынша берешегін акцептсіз алуға келісімі туралы талаптар енгізілген банктік заем шарты болып табылады. Сонымен бірге, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңында заем бойынша мерзімі өткен берешекті  өндіріп алу үшін банктерге ТТ пайдалану құқығы тікелей белгіленген.
Банктердің ТТ арқылы мерзімі өткен борышты өндіріп алу құқығы  Банктер туралы заңмен де белгіленген, оның 36 бабында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы деп көрсетілген.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның ағымдағы шотындағы және кейіннен келіп түсетін соманың 50% асатын мөлшерінде төлем талабын орындауға шектеу енгізілді.  Сонымен бірге, ағымдағы шотта ақша сомасы жеткіліксіз болған жағдайда ТТ орындау, төлем талабында көрсетілген барлық ақша сомасының жинақталуын күтпей–ақ,  ақшаның түсуіне қарай орындалады. Бұдан бұрын ТТ орындауға ақша сомасы жеткіліксіз болғанда ағымдағы шот керекті сома жиналғанға дейін «оқшауланатын», нәтижесінде, шоттың егесінің шотқа келіп түскен ақша қаражаттарын алуға мүлде мүмкіндігі болмайтын. Ал қазіргі кезде, егер клиенттің ағымдағы шоты бойынша басқа талаптар мен шектеулер болмаса, аталған төлем талабы бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін барлық шығыс операцияларды тоқтатудың енді қажеті жоқ. Аталған норма жеке тұлға – борышкерге өмір сүру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары есебімен ағымдағы шотындағы ақшаның 50% жұмсауға мүмкіндік беру мақсатында енгізілген.
Бірақ, жоғарыда аталған заң нормасы енгізілгеннен кейін борышкер - қарыз алушылардан  олардың шоттарына келіп түскен жалақы немесе зейнетақыдан 50% асатын сома банктердің ұстап алатыны туралы шағымдар келіп түсетін болды. Келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер кейбір жағдайларда банктердің ТТ орындау бойынша  іс-әрекеттері заңды екенін, ал өтініш берушінің 50%  кем жалақы немесе зейнетақы алуы келесі себептерге байланысты екенін көрсетті.
Бірінші, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес клиент кезекті төлем талабын орындаудан қалған ақша сомасын пайдалана алатынын ескеру керек. Яғни, шот иесі келіп түскен соманың 50%, егер оның шотына тек қана бір ТТ қойылған болса ғана қол жеткізе алады. Егер, оның бірнеше қарызы бар болса және оның шотына бірнеше ТТ қойылған болса, әрбір кезекті ТТ алдынғы ТТ орындағаннан кейін қалған, шотқа келіп түскен соманың бөлігінің 50% көлемінде орындалады.
Ал екінші себеп, банктердің төлем талаптарын қоюына мүлде байланысты емес, ол сот орындаушылардың іс-әрекеттерінен туындайды. Мысалы, филиалдың өтініштерді қарау қорытындылары бойынша, бір сот орындаушысы борышкердің жалақысынан 50% жұмыс берушіден өндіріп алса, ал екінші сот орындаушысы борышкердің ағымдағы шотына инкассалық өкім шығарған жағдайлар анықталған болатын. Сондықтан, сот орындаушылар жалақының 75% ұстап қалатын. Сонымен, Еңбек кодексінің 115 бабын, жалақы түсетін банктік шотқа ТТ қоймаған күннің өзінде сақтау мүмкін болмайды. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңы да атқарушылық іс-әрекеттің екі түрін көздейді: өндіріп алуды жалақысына және жұмыс берушідегі басқа да табыс түрлеріне аудару және өндіріп алуды инкассалық өкім ұсыну арқылы борышкердің банктік шотындағы ақшаға – мүлікке аудару.
Көріп отырғанымыздай, жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарын банктердің орындау мәселелері бұдан былайғы шешімдерді қажет етеді, сонымен қатар проблеманы, банктік заңнаманы еңбек және ақарушылық іс-жүргізуден туындайтын құқықтық  қатыныстармен сәйкестендіріп, кешенді шешу керек.
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының                      
бас маман – заң кеңесшісі
Жұлдыз Үмбетәлиев
 
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх