РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
5 Қыркүйек 2018 Жыл0000
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.

Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
Ол ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің де базалық мөлшерлеме – 9 % деңгейінде сақталғанын атап өтті.
«Жаңартылған болжамдарға сәйкес, біз инфляцияның төмендеу қарқындарының баяулау тәуекелдерін көріп отырмыз, яғни инфляция баяулайды, бірақ біз бұрын бағалағанннан гөрі баяу. Ағымдағы жылы өзінің қалпына келуін жалғастыратын ішкі сұраныс және тұтастай алғанда әлемдік экономика көрсеткіштерінің тарапынан проинфляциялық қысым күшеюде», - деді Д. Ақышев.
Осылайша, Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуынша, инфляцияның 2019 жылы 4-6%-дық болжамды дәліздің жоғары шегіне жақын болуы және 2020 жылдың соңында 4%-дан төмен дәлізден асып кету тәуекелдері ұлғаюда.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 15 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17:00 жарияланатын болады.
 
Д. Ақышев - Жылдық инфляция тамыздың қорытындылары бойынша 6%-дық деңгейде қалыптасты
 
Жылдық инфляция 2018 жылға арналған 5-7%-дық нысаналы дәліздің ортасында сақталып, тамыздың қорытындылары бойынша 6%-дық деңгейде қалыптасты. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде айтты.
Ол жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарлары (өткен жылғы желтоқсандағы 6,5%-дан ағымдағы жылғы тамызда 5,1%-ға дейін) мен ақылы қызметтер (5,9%-дан 4,9%-ға дейін) инфляциясы жылдық көрсеткіш бойынша баяулауына қарамастан, жылдық инфляцияның төмендеуіне оның азық-түлікке жатпайтын құрауышы жоғары деңгейде сақталуы кедергі жасап отыр деп атап өтті.
Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуы бойынша тұтынушылық инфляцияға, көбінесе, мына факторлар: өндірушілердің (2018 жылғы шілдеде 24,3%), әсіресе өңдеуші өнеркәсіпте (9,1%) бағаның өсуі; жиынтық (тұтынушылық және инвестициялық) сұраныстың кеңеюі әсер етеді.
«Осылайша, инфляциялық аяның сипаты негізінен Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының сипатына формальды түрде байланысты емес ұсыныстар тарапынан болатын факторлармен айқындалады», - деп түсіндірді Д.Ақышев. Сонымен қатар, Д.Ақышев инфляциялық күтулердің бір айдан келесі айға екі жаққа да (ұлғаю мен төмендеу) ауытқуына қарамастан ұзақ мерзімді төмендеу беталысының байқалғанын атап өтті. «Соңғы шілде айында респонденттермен жүргізілген пікіртерімнің қолда бар нәтижелері бойынша инфляцияның күтілетін деңгейінің сандық мәні бір жылдан кейін 5,6%-ды құраған.
Халықтың инфляцияны қабылдауы жақсаруда. «Соңғы 12 айда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы бұрынғыға қарағанда жылдамырақ өсті» деп санайтын респонденттердің үлесі ағымдағы жыл басындағы 52,1%-бен салыстырғанда шілдеде 43,5%-ға қысқаруын жалғастырды», - деді Д.Ақышев.
 
Д.Ақышев – Экономикалық белсенділік жылдың басынан бері өсуін жалғастырды
 
Экономикалық белсенділік жылдың басынан бері өсуін жалғастырды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор экономиканың 2018 жылғы қаңтар-шілдеде 4,9%-ға өскенін көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
Ол өсуге тау-кен өндіру (5,4%) және өңдеу (4,9%) өнеркәсібі, көлік (4,9%) және байланыс (5,2%), сауда (6,1%) саласы оң үлес қосқанын атап өтті.
«Ағымдағы жылғы 7 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар 23,7%-ға өсті және мұнай газ саласындағы, өндіру өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жобаларды іске асырумен қамтамасыз етілді. Экономиканың өсуінің одан әрі серпініне қатысты күтулер жоғары деңгейде сақталуда. Алайда 2019 жылы ағымдағы және өткен жылдардағы жоғары қор салдарынан оның бәсеңдеуі жоққа шығарылмайды», - деді Д.Ақышев.
Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының сөзінше, тұтынушылық сұраныс өсуде. Бұған, біріншіден, ағымдағы жылдың басынан бері жалақының артуы нәтижесінде халықтың нақты кірістерінің өсуін және мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік шығыстарды жаңарту. Екіншіден, банктер халыққа тұтынушылық мақсаттарға беретін кредиттердің өсуі ықпал етеді.
Орта мерзімді кезеңде экономиканы фискалды ынталандыруды қысқарту аясында осы фактордың инфляцияға ықпалы бірте-бірте азаяды.
Сыртқы секторда тәуекелдер балансының теріс жаққа қарай жылжуы байқалды.
«Мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларына жуық салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қалып отыр. Алайда бұл факт әлемдегі ірі экономикалар арасындағы қатынастардағы белгісіздіктен туындаған теріс салдарларды өтей алмайды» - деп түсініктеме берді Д.Ақышев.
Ол, азық-түліктің әлемдік бағасының индексі шілдеде жылдық көрсеткіш бойынша 3,7%-ға төмендеді деп толықтырды. «Жетекші әлемдік агенттіктер жүргізген бағалау төмендеудің қысқа мерзімді болатындығын көрсетеді. Әлемде азық-түлікті тұтынудың өсуі тұрақты ұзақ мерзімді үрдіс болып қалып отыр. Азық-түліктің әлемдік қорларының төмендеуі аясында бұл орта- және ұзақ мерзімді перспективадағы индекстің одан әрі артуына ықпал ететін болады», - деп хабардар етті Д.Ақышев.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы атап өткендей, негізгі сауда әріптестері елдеріндегі, негізінен Ресей Федерациясындағы ағымдағы инфляция нысаналы көрсеткіштен төмен болып қалыптасты. Бірақ бір жылға дейін шекте оның жеделдеуі күтілуде, оны біз Қазақстандағы инфляцияның нысаналы дәліздің жоғары шегінен тыс шығуына ықпал ететін негізгі тәуекелдің бірі ретінде бағалаймыз», - деп хабардар етті Д.Ақышев. Сондай-ақ Д.Ақышев АҚШ жүргізетін экономикалық өсуді қолдау саясаты, сондай-ақ АҚШ ФРС-тың негізгі пайыздық мөлшерлемелерді арттыру жөніндегі саясаты капиталдың әкетілуіне және дамушы елдердің, оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ұлттық валюталарының әлсіреуіне әкелді – деді. «Сыртқы монетарлық талаптарды одан әрі қатаңдату дамушы нарықтарға проинфляциялық қысым көрсетуді жалғастырады», - деп қорытындылады ол.
 
Д.Ақышев – Кредит нарығының қайта қалпына келуі жалғасуда
 
2018 жылғы 8 айда Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері, алдын ала деректер бойынша, 30,8 млрд АҚШ долларын құрады. Еліміздің халықаралық резервтері (Ұлттық қордың активтерін есептегенде) 87,3 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Ол ақша нарығында көбіне ноттарды шығару арқылы алынатын артық өтімділік сақталып отырғанын атап өтті. 29 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өтімділікті таза алуы (ашық позиция) 2,2 трлн теңгені құрады. «Айналыстағы қысқа мерзімді ноттар көлемі 3,3 трлн теңгені құрады. Мерзімділігіне қарамастан ноттар бойынша кірістілік тамызда 8,10%-8,26% аралығында қалыптасты. Салық төлемдері кезеңі аясында TONIA ақша нарығы мөлшерлемесі 2018 жылғы 29 тамыздың қорытындысы бойынша 9,28% деңгейінде қалыптасты», - деді Д.Ақышев.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы кредиттік нарықтың қалпына келе жатқандығын атап өтті. «Қаңтар-шілдеде жаңа кредиттер беру өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 27,5%-ға немесе 1,6 трлн. теңгеге ұлғайды. Кәсіпорындардың теңгелік кредиттері бойынша орташа мөлшерлеме 2017 жылғы желтоқсандағы 13,2%-дан 2018 жылғы шілдедегі 12,4%-ға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.
Д. Ақышевтің айтуынша, Қазақстандағы ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейге жуық тұр. Ақша-кредит саясатының ағымдағы сипаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуына және экономиканың әлеуметтік мәндер деңгейінде өсуіне ықпал етеді.
«Соған қарамастан, қалыптасқан факторларды ескере отырып, нарықтағы тепе-теңдік әлсіз және орнықты емес болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі инфляцияға жақын арадағы 1-2 жылда әсер етуі мүмкін көрсеткіштердің серпінін мұқият қадағалауда. Осы кезеңде түзету шараларын қабылдауды қажет деп санамаймыз. Ахуалды іргелі факторлар қалыптастырады, ал жылдам әрі кездейсоқ сипаттағы факторлардың әсері маңызсыз болып қалуда», - деп хабардар етті Д.Ақышев.
 
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
+7 (727) 2704 585
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz
 

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх