РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
20 Тамыз 2018 Жыл0000
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдары облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 123 164,2 млн. теңгені немесе 94,0% құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 20,3%-ға артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл басынан 23,6%-ға төмендеп, 2018 жылдың 2 тоқсанының соңына облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 7 829,5 млн.теңгені немесе 6,0% құрады.
            Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. Осылай, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемінің 99,3% мерзімді болып табылады, ал шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі сәйкесінше 0,4% және 0,3% құрайды.
            2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысы депозиттерінің үлесі республика бойынша депозиттердің жалпы көлемінде  1,2%-ды құрады.
Депозиттердің тарту мерзімдері бойынша құрылымына қатысты - 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ұзақ мерзімді депозиттердің үлесі 45,8%-ды, қысқа мерзімділер – 53,5%-ды құраса, ал қалған 0,7% шартты және талап етілген депозиттер құрайды.
Несие нарығы. 2018 жылдың 2 тоқсанында Банктермен берілген несиелердің көлемі     46 753,3 млн. теңгені құрады,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға артық. Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 46 735,9 млн. теңге. Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 17,4 млн. теңгені құрайды. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 37 066,9 млн. теңге немесе 79,3%-ды құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 9 686,4 млн. теңгені немесе 20,7% құрады.
Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 37 781,4 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 80,8% құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 8 972,3 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 19,2% құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі, 2018 жылдың 2 тоқсанында 9 325,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 47% артық.
2018 жылдың 2 тоқсанында жеке және заңды тұлғалармен өтелген несиелердің жалпы сомасы 36 734,1 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1% көп. Соның ішінде жеке тұлғалармен 28 140,3 млн. теңге немесе өтелген несиелердің жалпы көлемінің 76,6% өтелген (2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша сәйкесінше 21 269,9 млн. теңге немесе 62,0%), ал заңды тұлғалармен 8 593,8 млн. теңге немесе 23,4% несиелер өтелген (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 13 040,4 млн. теңге немесе 23,4%). 
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысы бойынша несиелер бойынша берешектер қалдығы 190 769 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға артқан. Заемдар құрылымында теңгедегі несиелердің үлесі 99,1% немесе 188 389,3 млн. теңгені құрады, қалған 0,9% - шетел валютасында берілген заемдар (1 779,7 млн. теңге). Жеке тұлғалардын несиелері бойынша берешек қалдығының көлемі 151 409,4 млн. теңгені немесе ссудалық берешектердің жалпы көлемінен 79,6% құрады, ал заңды тұлғалардың қарыз үлесі 38 759,6 млн. теңгені немесе 20,4% құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша несие берешегінің қалдығы 2018 жылғы             1 шілдедегі жағдайға 36 348,1 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6% жоғары.
Облыстың несиелік портфелінде заемдардың мақсатты бағытталуы бойынша халықтың тұтынушылық мақсатына (несиелердің жалпы көлемінің 55,6%-ы), айналым құралдарын толықтыруға 13,0%, сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй салуына және сатып алуына 11,9% берілген несиелер ауқымды бөлікті құрайды (оның ішінде халыққа берілген ипотека -11%). 
Жалпы облыс бойынша несиелердің барлық түрлері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2018 жылдың маусым айының соңында 15,4% құрады. Облыстың несие нарығына талдау жасай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің кемігендігін айтып өткен жөн. Егер 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 15 775,6 млн. теңгені немесе жалпы несие көлемінең 9,7% құраса, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш сәйкесінше 15 336,3 млн. теңгеге дейін (8,1%) азайып отыр.
 
 
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
жетекші маман-экономисі
Уәшев Сұлтанәлі Сәкенұлы
 
 
 
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх