РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
16 Тамыз 2018 Жыл0000
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
Қолма – қол ақшасыз есеп айырысу құралы көп жағдайда төлем карточкасын пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Төлем карточкасы – электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы өз ақшаңызды басқару. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма - қол ақша алуға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың басты мақсаты - бұл тұтынушыларға ыңғайлылық жасаумен бірге, олардың жеке мағлұматтарын сақтау қауіпсіздігі деңгейін азайтпау.
Карточканың иесі болу үшін әр азамат кез келген екінші деңгейдегі банкке өз жеке куәлігімен барса болғаны. Банктер карточка иесіне карточкамен қоса пин - конверттің орауында пин кодты тапсырады. Қауіпсіздік мақсатында карточка иесі пин - кодын ешкімге айтпауы тиіс.
Сондай-ақ, төлем карточкалары арқылы жүргізілетін операцияларды жүзеге асыратын POS-терминалдар, банкоматтар, интернет, банк киоскілері туралы да атап өтсек болады. Мысал келтіретін болсақ теміржол билетті интернет арқылы карточкамен сатып алуға болады, немесе супермаркеттерде кез келген тауарларды POS-терминалдар арқылы карточкамен есеп айрысуға болады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылығы ол уақыт пен қауіпсіздік болып табылады. Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде  комиссия шығындары азаяды.  Мысалы ұялы телефоныңызға ақша толтыру қажет болса, Сіз банкоматтан ақшаны шешіп алған үшін комиссия бір рет алынады, есеп шотыңызға ақшаны салған кезде электрондық терминал тағыда комиссия ұстайды.
Ағымдағы жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысында қызмет көрсететін POS-терминалдардың саны 2 226 дананы құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға немесе 114 данаға көбейген. Орналастырылған банкоматтар саны 292 дананы құрады. Заман талабына сай, бүгінде көптеген банк ғимараттарында немесе сауда нүктелерінде банкоматтардан бөлек, банк киоскілерін кездестіруге болады, яғни бұл құрылғының жұмыс атқару механизмі банкоматпен пара-пар келгенімен, айырмашылығы - қолма-қол ақша берілмейді, тек түрлі операцияларды жүргізуге болады.
Жамбыл облысындағы төлем карточкаларының ағымдағы жай-күйіне келетін болсақ, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша айналымдағы карточкалар саны 687,6 мыңнан аса бірлікті құраған, аймақтағы бұл көрсеткіш республика бойынша көрсеткіштің 3,2%-ын құрап отыр. Облыста 01.07.2018 жылғы жағдай бойынша карточка ұстаушылардың саны 621,4 мыңнан аса адамды құрады. 
Жалпы жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден қолма - қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру бағытында тек өсу үрдісін ғана байқауға болады. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда. Қарап отырсаңыз, Сіз қол жеткізген карточкаңыздың бірнеше тиімді қызметтері бар. Атап айтатын болсақ:
- карточка көмегімен дүкендерде, сауда, қызмет көрсету орындарында сатып алған тауарға, қызметке қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге болады және жүргізілген төлем үшін алынатын комиссия көлемі Сіздің шотыңыздан емес, сауда, қызмет көрсету орнынан ұсталады;
- төлем карточкасының көмегімен ай сайынғы, күнделікті төлемдерді, оның ішінде коммуналдық төлемдерді, ұялы байланыс, интернет қызметтері үшін төлемді ешбір жерде кезекте тұрмастан тәуліктің кез келген уақытында төлеуге болады;
- карточка көмегімен бюджетке төленетін мерзімі көрсетілген төлемдерді (мысалы, үй, жер, көлік салығы немесе көлік жүргізу немесе тағы басқа жағдайларға байланысты әкімшілік айыппұлдарды) мерзімінен кешіктірмей төлу мүмкіндігі бар;
- жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға кеден бекеттерінде жедел әрі ыңғайлы түрде кедендік төлемдерді жүргізу мүмкіндігі бар;
- карточка көмегімен ай сайынғы шығыстарды қадағалау өте оңай іске айналады. Ол үшін айдың соңында есеп-шот бойынша үзінді көшірмені зерделеу жеткілікті.
Міне, бұл қарапайым банктік карточканың артықшылықтарының бір бөлігі ғана. 
Бірқатар жағдайларда сауда және сервис кәсіпорындары клиенттерді тарту үшін, өз бетімен жеңілдіктер белгілеуі мүмкін, сондықтан сауда нүктелеріндегі сатушылардан карточкаларға арналған артықшылықтар туралы сұрауды да ұмытпаған жөн.
Қорытындылай келе, төлем карточкасының мүмкіндіктерінің артуы, біздің күнделікті өміріміздің ажырамас құралы болып бекінуіне септігін тигізіп келеді. Заманауи жетістіктерді меңгеру - өмір талабы екендігін ескерсек, төлем карточкаларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану – күнделікті өміріміздегі қажеттілік екенін ұмытпағанымыз жөн болар.
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
Бухгалтерлік есеп бөлімінің
жетекші маман-экономисі
Жанар Әлішева
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх