РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті лицензиялау тәртібі мен шарттары
16 Тамыз 2018 Жыл0000
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензияланатын қызмет түріне жатады. Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі береді. Сол себептен, Ұлттық Банк аталған қызметті жүзеге асыруға лицензиялау тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді. Лицензиялаудың тәртібі мен шарттары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы №57 Заңымен және «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен айқындалған.

ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензияланатын қызмет түріне жатады. Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі береді. Сол себептен, Ұлттық Банк аталған қызметті жүзеге асыруға лицензиялау тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді. Лицензиялаудың тәртібі мен шарттары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы №57 Заңымен және «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен айқындалған.

Біріншіден, қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын ұйымдар тек жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы тиіс. Оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезидент – жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Алайда, бұрын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензиясынан айырылған ұйымның құрылтайшысы, Ұлттық Банктің аумақтық филиалының тиісті шешімі қабылданған күннен бастап үш жыл өткенге дейін жаңадан құрылған ұйымның құрылтайшысы бола алмайды. Сонымен қатар, ұйымның өкілдіктер құруына, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына, оның ішінде құрылтайшысы ретінде қатысуына жол берілмейді.

Екіншіден, ақшалай түрде қалыптастырылатын жарғылық капиталдың ең аз мөлшері: Астана және Алматы қалаларында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 30 000 000 (отыз миллион) Қазақстан теңгесін; облыстардың әкімшілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 20 000 000 (жиырма миллион) Қазақстан теңгесін; өзге жерде орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 10 000 000 (он миллион) Қазақстан теңгесін құрайды.
Үшіншіден, аталған ұйымдардың айырбастау пункт орналастырылатын бейнебақылау жүйесімен жабдықталған үй-жайы болу керек. Оның техникалық нығайтылуы мен күзетіне талаптар «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен белгіленген. Сонымен бірге, арнайы білімі не тәжірибесі бар кассирі мен ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдарының болуы шарт.

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия және оған қосымшаны алу үшін, заңды тұлға мемлекеттік тіркеу орны бойынша Ұлттық Банктің тиісті аумақтық филиалына келесі құжаттарды:

  1. жарғының көшірмесін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;

  2. лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

  3.  шетел валютасындағы банктің шоттың бар екендігі туралы анықтаманы;

  4. біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды тіркеп, белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет.

Лицензияны беруді немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты Ұлттық Банктің филиалы өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күн ішінде береді. Айта кететін жайт, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлетін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ Заңының 12-бабына сәйкес, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны берудің немесе лицензияны беруден бас тартудың мерзімі жиырма жұмыс күнге дейін қысқартылған.
Аталған құйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы www.elicense.kz «Е-лицензиялау» Мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесі арқылы электронды нысанда қол жетімді. Ол үшін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы және интернет желісіне қосылу мүмкіндігі қажет. Ал, нәтижесі қызмет көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Сонымен қатар, қызмет алушының www.survio.com сайты арқылы көрсетілген қызметтің сапасын бағалауға мүмкіндігі бар.
ҚР Ұлттық Банкімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толығырақ ақпарат www.nationalbank.kz ҚР Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсының «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірегей байланыс орталығы 8-800-080-7777, 1414.
 
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы
Венера Итмашева

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх