РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Криптовалюта дегеніміз не және онымен байланысты туындайтын тәуекелдер
18 Шілде 2018 Жыл0000
Криптовалюта - сандық валютаның түрі. Бұл ақшаның физикалық баламасы жоқ, сондықтан ол виртуалды кеңістікте ғана қолданылады. Грек тілінен аударғанда «крипто» сөзі - құпия, жасырын деген мағынаны білдіретін төлем бірлігінің бұл түрі өзгертуге келмейтін таңбалар жиынтығынан, яғни математикалық алгоритмдер арқылы шешілген әріптер мен сандардан тұрады. Оның эмиссиясы мен есеп-қисабы түрлі криптографиялық әдістерге негізделген.

Криптовалюта - сандық валютаның түрі. Бұл ақшаның физикалық баламасы жоқ, сондықтан ол виртуалды кеңістікте ғана қолданылады. Грек тілінен аударғанда «крипто» сөзі - құпия, жасырын деген мағынаны білдіретін төлем бірлігінің бұл түрі өзгертуге келмейтін таңбалар жиынтығынан, яғни математикалық алгоритмдер арқылы шешілген әріптер мен сандардан тұрады. Оның эмиссиясы мен есеп-қисабы түрлі криптографиялық әдістерге негізделген.
Банктік аударымдарға қарағанда криптовалюта транзакциялары жедел және шұғыл. Ал қауіпсіздігіне келетін болсақ, криптовалютада кіру кілтін сақтау құралдарында ашық және жабық кілттерге бөлу арқылы тексерілген криптография қолданылады. Ол банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының мәліметтерді қорғау алгоритміне ұқсас келеді.
Критвалютаның артықшылықтарымен қатар өзінің кемшіліктері де бар. Оның негізгісі - реттейтін механизмдері жоқ болғандықтан, электронды әмиянның түгелдік кепілдігінің жоқтығы. Сонымен қатар, электронды криптоәмиянның құпия сөзін жоғалту немесе оның жұмысқа қабілетсіздігі салдарынан криптовалюта қайтарылмауы мүмкін.
Криптовалютаны қолдану бірқатар тәуекелдерге тән. Оның себебі - тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жоқтығы. Іске асырылған транзакцияларды жою мүмкіндігінің болмауы. Сәтсіз шартты іске асыру кезінде криптовалютаны алушының өз еркімен қайтаруға көндіру қажет. Бұл қандай-да бір делдал - кепіл берушінің жоқтығынан туындайтын құбылыс.
Криптовалютаның жоғары құбылмалылығы оған қосымша тәуекелдерді қосады. Қаржы мамандары біршама толыққанды АҚШ доллары, еуро мен басқа да валютаның құнын немесе биржалық белгіленетін бағаларды болжай алады. Ал, криптовалютаның ертеңгі күні қандай құнда болатынын болжау мүмкін емес.
Қазіргі таңда әрбір мемлекетте криптовалютаны реттеудің өз көзқарасы бар. Біркелкі ойластырылған криптовалютаны реттейтін жүйенің болмауы, оның келешектегі белгісіздік факторын ұлғайтады.
Қазақстанда криптовалютаны пайдалана отырып халыққа инвестициялық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс істейтіні белгілі. Бұл ұйымдардың өкілдері сатып алған криптовалюта бойынша клиенттеріне қаржы нарығындағы қолданыстағы мөлшерлемелермен салыстыруға келмейтін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары кірістерді уәде етеді. Жоғары сыйақылар айналымдағы ақшаның болуын қамтамасыз ете отырып, қатысушылардың айтарлықтай санын және жаңа клиенттердің ақшалай түсімдерін тарту есебінен төленеді. Ақша ағыны тоқтатылған немесе жетіспеген кезде ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін бұл ұйымдар жабылып, барлық төлемдер тоқтатылады және олардың пайдасына салынған ақшаны қайтарудың құқықтық кепілдіктері жоқ.
Елбасы Х Астана экономикалық форумының Пленарлы отырысында валютаның абстракт сенімге емес, нақты активтерге негізделуі керектігін айтып өткен. Бұл ретте, Ұлттық Банк халыққа «Блокчейн» технологиясына негізделген жаңа технологиялық өнім - Invest Online жүйесін іске қосқан.
«Invest Online» жеке тұлғалардың ақшасын Қазақстан Ұлттық Банкінің ноттарына дербес инвестициялауына арналған қарапайым және тегін құрал. Қазақстандықтар өз ақшасын күн сайын сыйақы есептелген кіріс алуға кепілдік ала отырып, осы жүйенің көмегімен онлайн режимде көшіріп алынған мобильдік қосымша немесе жүйенің веб-сайты арқылы Қазақстан Ұлттық Банкінің ноттарына инвестициялай алады. Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған бағалы қағаздар - ноттар тәуекелсіз қаржы құралы болып табылады, олар бойынша инвестициялардың қайтарымдылығына Ұлттық Банк кепілдік береді, бұл қаражаттың қайтарылуы тұрғысынан алғанда клиент үшін тәуекелдердің жоқ екенін білдіреді. «Invest Online» жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді. Клиенттерді тәулік бойы қолдау қызметі ұйымдастырылды (Call-центр, тел. бойынша: 8-800-080-86-68, электрондық пошта бойынша: investonline@csd.kz).
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, криптовалюта ел аумағында төлем құралы ретінде пайдалануға болмайтынын атап өтеміз, себебі Қазақстанның аумағында теңге жалғыз заңды төлем құралы болып табылады. Криптовалютамен барлық операцияларды халық жоғары тәуекелге бел буып жасайтынын ескерген жөн.
 
 
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Валюталық операцияларды бақылау бөлімінің
бас маман-экономисі Бекзат Қожаева
 

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ІІІешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды. Ұлттың Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады.
16 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банк қызметін алған кезде нені білу маңызды
Бүгінгі күні банк қызметі қоғамның күнделікті өміріне тереңнен еніп кетті, студенттен зейнеткерге дейін нақты бір банктік қызметті пайдаланады. Алайда, көптеген азаматтар банктердің қаржылық қызмет көрсету ерекшелігін біле бермейді.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Банктердің жеке тұлғалардың кредиттік қарыздары бойынша қойылған төлем талаптарды орындау мәселелері
Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының міндеттерінің бірі болып табылады. 2016 жылы Филиалға келіп түскен қаржылық қызметті тұтынушылардың өтініштерін талдау, олардың көп бөлігі банктердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекке қатысты төлемдік талаптарды (ТТ) қоюы себебінен жалақы мен зейнетақысын ала алмауына қатысты шағымдар екенін көрсетті.
2 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх