РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Қоғам
Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев мәслихат депутаттары алдында есеп берді
3 Тамыз 2017 Жыл021500

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстық мәслихат депутаттары алдында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде елеулі орын алған оқиғалар бойынша есеп берді.
Аймақ басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында айқындалған межелі міндеттердің орындалуын атап өтіп, барлық саланың даму қарқыны едәуір өскендігіне жеке-жеке тоқталды.
Биыл ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің жалпы көлемі  52 жарым млрд.теңгені құрады.
«Алтын асық» бағдарламасы арқылы 8500-ге жуық бас қой сатып алынса, «Құлан» бағдарламасы арқылы 692 бас жылқы сатып алынды.
Сонымен қатар,  20 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған 26 бордақылау алаңы жұмыс істеуде.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 184 кәсіпорын 2700-ге жуық адамды жұмыспен қамтуда.
«Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» Заң аясында өткен жылы облыста 50 кооператив, ағымдағы жылы 73 кооператив құрылды.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға облыстық бюджеттен 16 млрд.теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі 55,8 млрд.теңгені құрап, 12 денсаулық сақтау нысандарының құрылысына 855 млн.теңге қарастырылды. Облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша арнайы Штаб құрылып, белсенді түрде түсіндіру жұмыстары атқарылып келеді.
Сондай-ақ, білім беру жүйесін қаржыландыруға биылғы жылы 97,9 млрд.теңге бөлінсе, 20 білім нысанының құрылысын жүргізуге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлтық қордан бөлінген қаржы 6 млрд 400 млн. теңгені құрады.
Жыл басынан бері мемлекеттік–жекеменшік әріптестік негізінде 365 орындық 4 балабақша ашылды. Бүгінгі күні 72 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 6445 бала тәрбиеленуде.
Бұдан басқа, кезекте тұрған азаматтар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Есепті кезеңде 204,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жалпы, биылғы жылы спорт саласына бөлінген қаржы көлемі 6,5 млрд. теңгені құрап, бүгінде облыста спорт нысандарының жалпы саны 2026-ға жетті.
Ал мәдениет саласын дамытуға 4 млрд 800 млн.теңге қарастырылып,  қалалар және ауылдық елді мекендердің нысандарын жөндеуге облыстық бюджеттен 303 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда туристік нысандарды дамыту мақсатында 37 млн.теңгеге бірқатар ортағасырлық қалашықтарына (Бектөбе, Георгиевск, Тамды, Саудакент) археологиялық ғылыми-зерттеу және консервациялық жұмыстары, «Ертеислам дәуірінің мешіті және Керуен-сарайы» археологиялық ескерткіштеріне мұражайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, өңір басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында елордамыз Астана қаласында Жамбыл облысының күндері өте жоғары деңгейде өткендігін тілге тиек етті.
 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз-маслихаты өтті.
Баспасөз-маслихатына Жамбыл облысының әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы қатысты.
8 Қараша 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «6» қарашадағы № 211-Ж/Қ өкімімен Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды
Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы туылған, білімі жоғары, 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономикалық кибернетика», 2003 жылы Солтүстік Қазақстан Заң академиясын «юриспруденция», 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген.
6 Қараша 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Бүгін облыс әкімдігінде өңірдегі өзен-көлдер мен су айдындарында балық шаруашылығын дамыту бойынша жиын өтті.
Онда күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов баяндама жасады.
29 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Бүгін облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзаxметов партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесіп, 9 айдың қорытындысы бойынша жиын өткізді.
Басқосуда партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
29 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Таразда «Үшбұлақ» каналы жағалауынан демалыс орны ашылды
Тараз қаласының күніне орай «Жеңіс» саябағы аумағынан «Үш бұлақ» демалыс орны ашылды.
27 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх