РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Қоғам
«Отар» 40-шы әскери базасында 2017 жылғы Армиялық халықаралық ойындар басталды
1 Тамыз 2017 Жыл030300

«Отар» 40-шы әскери базасында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен 2017 жылғы Армиялық халықаралық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Жыл өткен сайын Ойындар жетілдіріліп, оған қатысушылардың географиясы да кеңейіп келе жатқанын атап өткен жөн.
Бұл елдер арасындағы достастық қарым-қатынастардың нығаюы және әскери саладағы ынтымақтастық, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық және кәсіби шеберлік деңгейінің арту факторы болып отыр.
«Армиялық халықаралық ойындарды өткізу шынайы жауынгерлік бауырластық пен адами достықтың негізі болып табылады және Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан лайықты қолдау тауып келеді. Армиялық ойындар көлемді әлемдік спорттық біріншіліктерден еш айырмасы жоқ, халықаралық ауқымдағы ірі іс-шара. Біз үшін оны ең жоғары деңгейде Қазақстанда өткізу үлкен абырой», - деді ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов.
Армиялық халықаралық ойындардың ашылу бағдарламасына сәйкес, қазақстандық барабаншылар мен домбырашылар және қазіргі заманғы жауынгерлік техниканың («Арлан» бронды-дөңгелекті машиналары, «Т-72 Б» танктері) сүйемелдеуімен ҚР ҚМ әскери оркестрі өнер көрсетті.
Десантшылар ротасының орындауында көпшілікке қарумен қол жекпе-жегі ұрысының көрсетілімі ұсынылды. Қазақстан әскерінің жауынгерлік ұшақтары мен тіккұшақтары пилотаждық тобының әуе шоуы армиялық ойындардың ашылуының шарықтау шегі болғанын атап өту керек. Армиялық халықаралық ойындар шеңберіндегі «Артиллериялық атыс шебері», «Мергендік шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысы» байқаулары Қазақстанда 1-9 тамыз аралығында өтеді. Жарыстарға қатысу үшін елімізге әлемнің 18 елінен 28 команданың құрамында 400-дей әскери қызметші келді.
  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайты
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз-маслихаты өтті.
Баспасөз-маслихатына Жамбыл облысының әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы қатысты.
8 Қараша 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «6» қарашадағы № 211-Ж/Қ өкімімен Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды
Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы туылған, білімі жоғары, 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономикалық кибернетика», 2003 жылы Солтүстік Қазақстан Заң академиясын «юриспруденция», 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген.
6 Қараша 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Бүгін облыс әкімдігінде өңірдегі өзен-көлдер мен су айдындарында балық шаруашылығын дамыту бойынша жиын өтті.
Онда күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов баяндама жасады.
29 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Бүгін облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзаxметов партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесіп, 9 айдың қорытындысы бойынша жиын өткізді.
Басқосуда партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
29 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Таразда «Үшбұлақ» каналы жағалауынан демалыс орны ашылды
Тараз қаласының күніне орай «Жеңіс» саябағы аумағынан «Үш бұлақ» демалыс орны ашылды.
27 Қазан 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0

Наверх