РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Қоғамдық кеңес
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ
25 Шілде 2019 Жыл0000
                       


       Тараз қ.                                                                           Маусым 2019 жыл


         Өзінің алғашқы құрамын - ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талабына сәйкес, 2016 жылдың ақпан айында 3 жылдық мерзімге арналып қалыптастырған          Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі, 2019 жылдың ақпан-наурыз айларында Кеңестің кезекті мерзімге тағайындалатын жаңа құрамын жасақтау процедураларын өткізу мәселелерімен, өткен 2016-2018 жылдары атқарылған жұмыстардың сапалық көрсеткіштерін қортындылау істерімен айналысты. 3 жылдық қортынды есептің нәтижелері көрсеткеніндей, Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты - қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білдіру болғандықтан заңның 5 бабының 1,2,3 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес облыстық бюджеттің жобаларын, олардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жетізу туралы есептерін тыңдау, облыс әкімдігінің бекітуіне ұсынылатын азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты  нормативтік құқықтық актілердің  жобаларын әзірлеуге  және талқылауға  қатысу жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айналды. Жеке тұлғаларды қабылдап, олардан түсетін ұсыныс – пікірлер мен кейбір арыз шағымдарды уақтылы қарап, оларды шешуге ұмтылыс жасау да, осы жылдар ішінде қалыпты жағдайға айналды.
         Кеңесте бұрын 29 мүше болса, биылғы таңдауда алғашқы қалыптасу кезеңінің үш жылында белсенді қызмет жасап, қоғамдық кеңес жұмысы сынынан өткен адамдар мен жаңадан мүшелікке талап білдірген үміткерлер арасында іріктеу процесі жүргізілді. Сүйтіп, заңдылық күші бар құжаттарға енгізілген және республикалық көлемдегі бірнеше қоғамдық талқылаулар мен ақылдасуларда қаралған  ұсыным-өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Кеңес мүшелерінің саны 29 адамнан -19 адамға ықшамдатылды. Тұрақты комиссиялардың саны бұрын 5 комиссия болса, бұл жолы болса қайта құру жолымен - 3 комиссияға дейін оңтайландырылды.  
         Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамында - саяси-әлеуметтік, шаруашылық- өндірістік, мәдени-рухани салаларды басқарып, халық шаруашылығын ұйымдастыру да сыннан өткен, қабылданған іс-шараларды әлеуметтік ортада айналымға енгізуге бағытталған мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру салаларында көп жылдар бойы қызмет атақарып мол тәжірибе жинақтаған азаматтар мен жастардың бастамашылығын қолдау саясатына қызу араласып,  қоғамдық-ақпараттық жүйенің ортасында жүрген белсенді жастар бар.
         Олардың барлығы жоғарғы білімді, еліміздегі мемлекеттік құрылымдардың сан саласының өкілдері – түрлі мамандықтардың иелері.        Кеңес мүшелерінің дені ер азаматтар, гендерлік саясат та қамтылған.
2019 жылғы наурыз айының 30-жұлдызында өткен Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті сессиясында, ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 9 бабының 2 тармағына сәйкес мақұлданылып қалыптастырылған Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы өзінің алғашқы отырысында, кеңестің төрағасын, хатшысын сайлап, оның 3 тұрақты комиссиясының дербес құрамын ашық дауыс беру жолымен қалыптастырды, комиссия төрағаларын бекітті.
         Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы болып - өндірістік саланың елімізге белгілі ұйымдастырушысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясының жеңімпазы Сенбек Әбетайұлы Сейдәзімов, хатшысы болып – ұйымдастырушылық-идеологиялық, шаруашылық  салаларында ұзақ жылдар бойы жетекшілік қызмет атқарған тәжірибелі азамат - Шәбден Тоқтасынұлы Тілеумурат сайланды. Осы отырыста - Қоғамдық кеңестің «Әдістемелік-үйлестіру кеңесі» мен «Эксперттік тобы» қалыптастырылды. Олардың жетекшілері болып – елімізге аты таныс белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Сенаты екі шақырылымының депутаты Жандар Кәрібайұлы мен құқық қорғау-қоғамдық тәртіп қызметінің ардагері Мұрат Шериязданұлы Ақылбаевтар сайланды.
         Кезекті отырыста Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс Жоспары кеңес мүшелерінің толық құрамының қатысуымен кеңінен талқыланып, мүшелер тарапынан ұсынылған толықтырулар мен  өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
         Жоспарда – қоғамдық бақылау, қоғамдық мониторинг жүргізу, мемлекеттік атқарушы органдар тарапынан түскен саяси-әлеуметтік, өндіріс-шаруашылық салаларын дамытуды қарастырған заң және тәртіптік күші бар құжаттардың айналымға енуін қадағалау, жергілікті атқарушы билік тарпынан ұсынылған әлеуметтік маңызы бар құжаттардың адам құқықтары мен олардың бостандықтарына, азаматтардың міндеттері мен олардың азаматтық қоғам алдындағы жауапкершілігіне сәйкестігін қамтыған тақырыптар қарастырылған.
         Сонымен бірге, Жоспарда қоғамдық дамудың түйінді де маңызды тұстарына жіті бақылау-талдау жасау, әлеуметтік салалар мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларын қамтыған мониторингтар өткізу де қарастырлған.
         Бүгінгі күннің ең бір маңызды мәселесі – арнайы жоспарлар құрылып, түрлі деңгейдегі шешімдер қабылданып тұрмыстық-әлеуметтік саланың «жол карталарының»  арқауына айналған мәселе – мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік көмек түрлерінің қолжетімді болуына, олардың жария да ашық түрде әділ таратылуына қоғамдық ықпал ету. Ықпал ету тетіктерінің негіздері де - тек ашықтық, жариялылық жағдайында қоғамдық бақылауда болуы керек.  Бұл міндет, Қоғамдық кеңес жұмысының  негізгі көрсеткіштерінің  бірі екендігі де жұмыс Жоспарында жан-жақты қарастырылған. Түрлі деңгейдегі басқару органдары жетекшілілері мен аудан әкімдерінің Кеңес президиумы алдындағы есептерін тыңдау - осы мүддені көздейді.
         Сондай-ақ, азаматтық қоғам құрудың тиімді тетіктерінің бірі – азаматтық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар бастамашыларымен бірлесіп, ақылдасып, пікір-ұсыныстар алмасып қоян-қолтық жұмыстар жүргізу жақтары да ескерілген.
                             
                                 1- Ұйымдастыру мәселелері
        
         ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 7 бап, 2 тармақ, 3 тармақшасы талаптарына сәйкес, облыстық ақпарат құралдары мен интернет желісі, әлеуметтік желілер арқылы, Кеңестің 2016-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы  2018 жылдың соңғы айы мен 2019 жылдың алғашқы апталарында тиісті ақпараттар таратылды.
         Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына, оның жаңадан қалыптастырылған түрақты комиссияларының құрамына жаңадан енгізілген мүшелерге, Кеңестің міндеттері мен парыздары туралы, оның жұмыс әдістері мен алда атқарылар жұмыстардың ерекшеліктері туралы танымдық-әдістемелік кеңестер беріліп, сұрақ-жауап сағаттары мен тәжірибемен бөлісу әңгімелері өткізілді, оларға кеңестің жұмыс ырғағы мен күнделікті жұмыс графигінің ерекшеліктері  таныстырылды.
         Облыс аудандарында жаңа құрамда сайланған Қоғамдық кеңестермен автономдық, дербестік қағидаларын ұстана отырып азаматтық-әріптестік байланыстар орнату мақсатындағы өз-ара пікір алмасулар мен кейбір жеке кездесулер өткіздік. Ортақ істе олқылықтар кедеспеуі үшін Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі мақсат-мүддесі – мемлекет пен қоғамдық ортаның арасындағы ақылдасу алаңы, келісім мен түсінушілік тетігі болуымыз керек екендігін тағы бір пысықтап, қоғамдық-бұхаралық ортаның талап-тілектер мен азаматтық бастамалардың әр-қашанда назарда болуының алдыңғы шебінен табылуымыз қажет екендігі туралы ортақ әріптестік келісімге келу жолдары қарастырылды.
 
                             2 -  Қоғамдық-әлеуметтік қызметтер
        
         Үстіміздегі жылы Кеңестің 14 отырысы өтіп, олардың 9-ы президиум отырысы, 5-і кеңейтілген отырыстар. Отырыстарда қаралған мәселелердің жалпы саны 77. Оның ішіндегі 74-і нормативтік-құқықтық актілер жобалары. Отырыстарда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің негізгі салалары санатында тұрған – көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, тұрмыстық жағынан кенжелеп отырған жекелеген азаматтарға берілетін әлеуметтік атаулы көмек, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жақсартуға арналған жұмыстар мен денсаулық сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері сөз болды.
         Осы жылдың ақпан айының 22-жұлдызында Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметовтың Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі алдындағы есебі тыңдалды. Облыс әкімі, өзіне өңір басшысы өкілеттігі шеңберінде  президент айқындап берген тапсырма-міндеттерді 2018 жылы қалай атқарғандығы туралы, облыста 2018 жылға арналып бекітілген индикативті жоспар негізінде қандай іс-шаралар мен жұмыстарды жүзеге асыра алғандығы туралы, 2019 – жылға бағытталған алдағы мақсаттары туралы Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында толық баяндап берді.
         Облыс әкімінің жылдық есебіне - Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің барлық мүшелері, аудандық Кеңестердің төрағалары, облыстық, аудандық атқарушы органдардың басшылары мен мамандары, баспасөз құралдарының өкілдері, азаматтық қоғам бірлестіктерінің өкілдері, үкіметтік емес үйымдардың жетекшілері шақырылған болатын.
         Елімізді индустрияландыру мен оны цифрландыру үрдісін жалғастыру, инвестиция тартудың жолдарын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен мал шарушылығын дамыту, тұрғындарды тұрмыстық-әлеуметтік жағынан қамту, бағаны түрақтандыру, жұмыссыздықты азайту, Тараз қаласы мен облыс көлеміндегі басқа да қала- елді мекендерді көркейту-көгалдандыру, қылмыстық факторлардың өсуіне жол бермеу, жас ұрпаққа білім беру мен жастар тәрбиесін назарда ұстау, тұрғындар денсаулығына мән беріп, азаматтақ қоғам мүшелерінің мәдени-рухани сұраныстарын қанағаттандыруға күш салу, құрылыс оның ішінде - тұрғын үй құрылысы мен жол құрылысын үздіксіз жалғастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін жандандыру, өлкеміздің экспорттық  әлеуетін арттыруға  себі тиетін тауарлар өндірісін ұлғайту жлдарын жетілдіру мақаттары бойынша өткен жылғы атқарылған іс-шаралардың, облысымыздың 2019 жылға арналған индикативті жоспары негізінде де жалғаса беретіндігі туралы кеңінен баяндап берген Асқар Исабекұлы, өз есебін аяқтай келе:  «Сондықтан да, әлеумет пен атқарушы биліктің арасындағы келісім алаңы, ақылдасудың алтын көпірлі арнасы санатындағы  құрылым, Сіздер мүшелері болып табылатын – Қоғамдық кеңестердің қолында десем артық айтқандық емес. Заң талаптарына жүгінсек, атқарушы билікке қарағанда әлеуметтік ортаға олардан гөрі Сіздер бір табан жақын тұрсыздар. Сіздер өздеріңіздің жұмыс жоспарларыңғыздың негізінде көпшілік- әлеуметтік ортада кездесулер мен ақылдасу-пікір алмасулар өткізесіздер, заман мен уақыт талаптарына сәйкес қолға алынып жатқан барлық жұмыстардың қай деңгейде орындалып жатқанына бақылау-сараптау мониторингтарын жасайсыздар, әлеуметтік өтініштер мен жекелеген арыз-шағымдардың Сіздерге бізден әлдеқайда тезірек жететіндігінен де хабардармын» - деп түйіндеді.
         Әкімнің есеп беру басқосуына Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қарашолақов  мырза қатысып, Кеңестің жаңадан сайланған құрамының жұмысына табыстар тіледі, алдағы атқарылар жұмыстардың - халықтық сайлау сүзгісінен өткен бірден-бір өкілетті орган – әр түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттармен тығыз байланыста атқарылатындығына сенім білдірді.
       Сонымен бірге, дәрі-дәрмектердің бағасы, оның ішінде тегін берілетін дәрілердің қолжетімді әрі жеткілікті болуына қызметтік бақылау жасау жүмыстарына да жазбаша мониторингтар жасап, оларды кезекті отырыстарда алдын-ала талқылау дәстүрін де үздіксіз жалғастырып келеміз.
         Осы 2019 - жылғы сәуір айының 16-шы жұлдызында қоғамдық көлік қозғалысының жағдайы, қалалық тасымал көліктерінің сапасы, олардағы жүргіншілерге қызмет көрсету мәдениеті, аялдамалардың ахуалы бойынша тиісті мамандардан жасақтандырылған арнайы топ жылжымалы бақылау-мониторингін жүргізді, оның барысы кешіктірілмей облыстық телеарна және әлеуметтік желілер арқылы таратылды.
Қоғамдық кеңес «Эксперттік тобының» жетекшісі мен құрылымның 2 мүшесі бастаған бақылау-мониторинг топ құрамында - жол полициясының арнайы экипажы, ҚР энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті  Жамбыл облысы бойынша Экология департаментіне қарасты сынақ зертханасы  мамандары, баспасөз өкілдері болды.
         Бақылау актілері толтырылып, сынақ зертханасының қортындысы негізінде дайындалған акт және департамент басшысының қолымен бекітілген растама хатын алып отырмыз. Ескерте кететін бір жағдай – қоғамдық тасымал, тасымал көліктерінің жай-күйі, оларда қызмет ететін – жүргізуші, кондукторлардың  жүргіншілерге қызмет ету мәдениеті, жол ережесін сақтау тәртібі, қала экологиясына тікелей әсер ететін қоспалар таралымының белгіленген мөлшерден асып кетпеуін қадағалау міндеттеріне арналған аталған бақылау-мониторингтарының тұрақты жалғаса беретіндігі.
         2019 жылдың  наурыз айында жүргізілген арнайы жұмыстардың нәтижесінде, «Жамбыл облысы аумағындағы көп балалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар жөніндегі» арнайы комиссия құрылып, оның 10 адамнан тұратын мүшелері мен комиссияның жұмыс Ережесі бекітілді. Олардың құрамына: «Ақжүніс» аналар бірлестігінің, ата-аналар комитетінің, қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің, мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен «Қызыл Жарты Ай» қоғамының төрайымы,  Қазақстан фермерлер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, салалық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы және бизнес өкілдері тартылған. Комиссияның Кеңес қолдауымен, қатысуымен  атқаратын жұмыстарының дені азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдау.
Егер олар атқаруға тиісті көптеген мәселелер ішінен теріп алып айтар болсақ, олар:
  1. ...Көпбалалы аналарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған  топтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылардың дұрыс әрі толық көлемде тағайындалып, төлемдердің адресті таратылуын зерделеу;
  2. Көпбалалы аналарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға жәрдемақылар тағайындауға қажетті құжаттар топтамасын дайындауға көмектесу;
  3. Мүмкіндігі шектеулі көпбалалы отбасы мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігі мәселесін зерделеу;
  4. Мүмкіндігі шектеулі көпбалалы отбасы мүшелерінің көмекші және компенсаторлық құралдар алуға, шипажай жолдамаларына кезекке тұруға қатысты құжаттарын дайындауға жәрдемдесу;
  5. Көпбалалы отбасыларының және әлеуметтік осал топтардың жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылу жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу т.б.... болып жалғаса береді.
         Комиссия, осы ұстанымдар шеңберінде - соңғы кездері мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан көпбалалы аналарға қаралған әлеуметтік көмек, тұрмыстық жадайлары төмен отбасылары мен мүгедек жандарға мемлекет тарапынан берілетін АӘК, осы санатта бөлінетін баспаналардың ашық және жария кезек арқылы таратылу тәртібінің сақталуы сияқты әлеуметтік маңызы зор мәселелерді қолға ала бастады.
          Бұл әрекеттер - еліміздің жетілген азаматтық қоғам құруға арналған қадамдарына белгілі деңгейде әсер ете алатын орта қалыптасып, азаматтардың өздерін өздері басқаруға деген құлшыныстарын арттыруға және атқарушы билік пен әлеуметтік ортаның өзара жақындаса түсуіне себепкер болатын факторлр екендігінің айғағы,
         Мысалы, дәл осы күндері, облыстық Білім басқармасы жанынан құрылған арнаулы кеңес мүшелері балалардың жазғы лагерлері жұмысына қоғамдық бақылау жасап отыр.
         Қоғамдық кеңес сәуір айының басынан бастап қоғам дамуы барысында кездесетін кейбір түйткілді мәселелерді ашық талқылап, азаматтардың ойында жүрген ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салып зерделеуді көздеген арнайы шешім қабылдап, онымен баспасөз құралдары, әлеуметтік желілер арқылы Жамбыл облысының жұртшылығын кеңінен хабардар еткен болатын.       Кәзір, жер-жерден ауызша және жазбаша түрде хабарламалар түсе бастады.
         Мысалы, бүгінгі күнге дейін осы хабарламға сәйкес, жоғары да айтқанымыздай, ауызша немесе жазбаша келіп түскен  Оңлабеков Нарынбек, Нұрдынов Кеңесбек,  Көбесов Смайылдар мен т.б, азаматтардың хабарламаларында – жеке бастың ғана шаруасы емес, жалпы халықтық-қоғамдық мәні бар тұрмыстық-әлеуметтік мәселелердің көтерілуі көңіл аудартады, қуантады...
         Үйткені бұл – әлеуметтік ортаның азаматтық қоғам құру процесіне тікелей атсалысуға деген құлшыныстарының  бірте-бірте артып келе жатқандығының белгісі болса керек! Кәзір осы бағыттағы басқа да хабарламаларды зерделеуге, оларға байланысты тиісті іс-қимылдар жасауға дайындықтар жүргізіп жатырмыз. Олардың нәтижесі туралы көпшілікті хабардар ететін боламыз.
                                                 *******
         Осы 2019 жылы, Кеңестің жұмыс тәжірибесінде алғаш рет азаматтардың қайрымдылық белсенділігіне жүгіндік.
         Ұзақ жылдар мүгедектер арбасына таңылған Тараздық қызымыз Жан Рахимованың ауруын емдеуге өз  келісімдерін берген шетелдік медициналық орталықтың табылуына байланысты, Жанның емделуіне қажетті қомақты қаржы жинау мақсатымен, облыс тұрғындарын қайрымдылық шарасына шақырдық. «Алыстағы Салоники қаласында орналасқан «Эвексия» Реабилитациялық орталығы қызметіне төленуге тиісті қомақты қаржы қажет! Сол үшін, ардақты Жамбылдықтар, егер де Жан қызымызға қол ұшын беріп, көмек көрсетейік десеңіздер, өз мүмкіндіктеріңіз шегіндегі қаржыны,  Жан Рахимованың Kaspi Bank және Halyk Bank қаржы мекемелерінде ашылған арнаулы қайрымдылық есепшоттрына аударыңыздарды өтінеміз!» - деп, облыстық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа өтініш-үндеу тастадық... Қызымыз кәзір Салоникадағы сал ауруларын емдейтін «Эвексия» орталығында ем қабылдап жатыр... Қызымыздың жағдайы жақсарып, науқасының беті бері қарады деген жақсы хабар алып, қуанып отырмыз!
         Қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы әр-түрлі арнайы комиссиялардың мүшелері есебінде де көптеген мәселе-ұсыныстардың өз шешімін табуына қол ұшын беріп келеді. Олар, биылғы жылдың басты саяси оқиғасы - Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы науқанына байланысты құрылған бастамашыл топ мүшелері есебінде де көптеген жұмыстар атқарды.
Аудандарға шығып әлеуметтік-электралды орта да кедесу-пікір алмасулар өткізіп, сайлаушылар тарапынан түскен көптеген сұрақтарға тыңғылықты жауаптар берді, сайлау учаскелерінде сайлауалды жұмыстардың нәтижелі жүргізілуіне бағытталған көмектер көрсетті.
Қорыта келе айтарымыз – қоғамдық дамуда, мемлекеттік өркендеуде демократия прициптерін ұстанған еліміздің - индустриялық-экономикалық, шаруашылық-өндірістік, тұрмыстық-әлеуметтік және мәдени-рухани жағынан дамуына, қоғамдық татулық пен келісімнің кемелденуіне бағытталған жұмыстарға әлеумет атынан азаматтық бақылау жасау институты – Қоғамдық кеңестердің атқарар жұмыстары жалғаса бермек. Біз Сіздерден орынды ұсыныстар, оңтайлы бастамалардың қайнары – қоғамдық белсенділік күтеміз!
 
      Жамбыл облыстық
      Қоғамдық кеңесінің
      төрағасы                                                                      С.Сейдәзімов
 
 
 



                              
        
 
 
 
                                    
        
        


 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх