РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
Кешендіктер мерекені ерекше тойлады
29 Мамыр 2019 Жыл0000

Елімізде өнеркәсіпті дамыту, өнім сапасын арттыру, қазіргі заман талабына сай өндіріске жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылып отыр. Бұл бағытта химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің алар үлесі ерекше. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында іргелі кәсіпорын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің алар орны бөлек. 73 жылдық тарихы бар ұжымда 1500-ден астам адам еңбек етуде.

Өткен сенбі күні ауданымыз-дағы іргелі кәсіпорын, еліміздегі фосфор өндірісінің негізгі шикізат базасы болып саналатын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Фосфорит орталық стадионында  химиктер мерекесі аталып өтті. Осы күні, стадион мерекеге сай безендіріліп, түрлі-түсті тулар желбіреп, банерлермен безендіріліп, ақ шаңқан киіз үйлер тігілді.

Мерекелік шара «Айжанқыз» халықтық би ұжымының «Мерекеге тарту» биімен  ашылды.                             

Мерекемен құттықтаған «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Мұратқали  Бақыткерейұлы Сәрсенов бірнеше еңбек ардагерлеріне сыйлықтарды тарту етті. Сонымен қатар, еңбектің тайқазанын қайнатып жүрген кеншілер қауымын «Еңбек ардагері» медалімен және «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен,«Нұр Отан» партиясының  Жамбыл облыстық  филиалының  Құрмет грамотасымен марапаттады.

Мерекелік жиында аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек ауданымыздағы іргелі кәсіпорын ұжымын мерекелерімен құттықтап, қаламыздың даму тарихы, кеншілер тарихымен тығыз байланыста екендігін, еңбек ұжымы аудан көлеміндегі түрлі демеушілік және қайырымдылық шаралардан сырт қалмағандығын айта келіп, отбастарына амандық, дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар, кешен басшысына сый-сияпатын тарту етіп, аудандық мәслихаттың хатшысы Сағымбек Бегеевпен бірге аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген кеншілер қауымына Сарысу ауданы әкімінің, «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының және Сарысу ауданы мәслихатының Құрмет грамоталарын тапсырды.

Мұнан соң, сөз кезегін алған «ЕвроХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Бақытжан Байділдаев жүрекжарды лебізін арнап, сый-сияпаттарын тарту етті.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйінің әншілері Мұратқали Сәрсеновтің сөзіне жазылған «Қаратау қазынасы» әнін тамылжыта шырқап, тыңдарман қауымды бір серпілтіп тастады. Әсіресе, кешен жастарының «Қаратаудан Қазфосфатқа дейін…» атты театрландырылған көрінісі көрермендерге ерекше әсер етті.

Көріністе 1936 жылы Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігінен Қазақстан Геология тресінің геологы Иван Ильич Машкара бастаған топ Қараой және Тамды жеріне геологиялық зерттеу жұмыстарын бастағандығын, көп уақыт өтпей іздегендерін тауып, сол жердің қойнауы кен байлыққа толы екендігін зерттеп, Қаратау қойнауында фосфориттер кені  ашылып, ұсақтау-сұрыптау фабрикасына фосфорит кенінің алғашқы тонналарын жеткізген көріністерді көрермен қауым назарына ұсынды.

Қаратауда еліміздегі жаңа ірі фосфатты шикізат базасының құрылу кезеңі бас-талып, қазіргі таңға дейін жеткен жетістіктері мен қол жеткізген табыстары жайлы айтылды. Сонымен қатар, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» және  «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерінің басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Мұратқали Сәрсеновтің  басшылық етуімен өндіріс ошақтары өркендеп, жандана түскендігі де тілге тиек етілді.

Концерттік бағдарламада ҰСФ жігіттері «Бәйге», 60-70 жылғы әндерден «Поппури» және «Армандастар», «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің қызметкерлерінен құралған вокалды-аспапты ансамбльдің орындауында шырқалған «Қайдасың», «Сүйгенің қайда», «Жайлаукөл кештері» әндері көпшілікті бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар, кешен жастары «Жастар биі» флеш-моб биін биледі.  Мерекеден қала тұрғындары ерекше көңіл күймен тарасты.

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх