РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні
1 Мамыр 2019 Жыл0000

Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Тілі басқа тілегі, түрі басқа жүрегі бір, төскейде төлі, төсекте басы қосылған ұлттар мен ұлыстардың құт мекенді Отаны. Бейбіт күні аспанында қыраны қалықтаған, ана тілімізде әнұраны шарықтаған, достық туын желбіреткен айбыны асқақ елміз. Аттың жалы, түйенің қомында өсіп, досқа құшағын айқара ашқан бабаларымыздың өміршең әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келеді. Ұлтымыздың ұлылығы, тегіміздің тектілігі ынтымақ-достықта, береке-бірлікте екенін өмірдің өзі дәлелдеді.

1 мамыр айтулы мереке. Қазақстан халқының егеменді елдігін, мызғымас бірлігін, теңдесі жоқ елдігін, толағай тірлігін айдай әлемге паш еткен күн. Осы бір табиғат шіркін түрленген, жер-ана беті гүлденген мамыражай мамырдың алғашқы ақ таңын ел-жұртымыз асыға күтеді. Өйткені 1 мамыр тұтастықты-достықтан, берекені-бірліктен, зейнетті-бейнеттен, рахатты-еңбектен тапқан Қазақстан халқының бірлігі күні.

Тылсым табиғаттың жұмбақ сырлы тамашасы көп. Сәуір айының соңғы күніне дейін қытымыр қылық, салқын қабақ танытқан мың құбылған ауа райы сезімге серпіліс, жүрекке толқыныс, көңілге қуаныш сыйлаған мерекелі күні нұрлы шуағын шашудай шашып, ел-жұртымыздың жанын жаздай жадыратып жіберді. Шынайы, шырайлы шындық көп тілеуі көл деген осы.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бас-тауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған аудан тұрғындары үшін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнінің орны бөлек. Себебі біздің ауданымызда да өзге ұлт өкілдері аз емес.

Әр күнін үкілі үмітпен қарсы алып, дүбірлі еңбекпен батырған аудан жұртшылығы да Қазақстан бірлігі күнін зор саяси еңбек өрлеуімен қарсы алды. Соңғы саусақпен санарлықтай жылдар ішінде жаңғырып, жасара түскен аудан орталығы Жаңатас қаласының 1-мамырдағы сән-салтанаты да өзгеше болды. Мереке таңғы сағат 7:00-де ауданның «Құрметті азаматы», ардагер спортшы Тұрар Мысықбаевты еске алуға арналған Саудакент-Жаңатас бағытындағы жүгіру марафонымен басталды.

Мереке құрметіне орталық алаңға ат сабылтқан үлкен-кішінің жүздері жарқын, көңілдері шат. Мың бұралған биші қыздардың ырғақты қимылдарымен мереке ажары ашыла түсті. Орталық алаңда аудандық мәдениет үйінің дайындауымен «Ынтымақ, бірлік, келісім – Ең басты байлық ел үшін!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Көздің жауын алғандай көркем де әсем безендіріліп, көпшілік қауымға ерекше көңіл-күй сыйлаған орталық алаңда мереке салтанатының шымылдығы ашылды. Шара барысында Жаңатас қаласының 50 жылдығына арналған спорттық би көріністері де көрсетілді.

Достықтың туын көтеріп, кеудесін шаттық кернеген жұртшылықты аудан әкімі Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы мерекелерімен құттықтап, аудан халқын салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау және ауданның спорт саласына зор еңбегі сіңген Тұрар Мысықбаевты жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген  марафонға қатысушыларды марапаттады.

Марафон  қорытындысы бойынша 27 шақырым қашықтықты бірінші болып Жаңатас қаласы бокс мектебінің жаттықтырушысы – Ошақбай Елдос аяқтап, жеңімпаз атанса, екінші орынды Байқадам ауылының тұрғыны – Садық Бекзат жеңіп алды.  Байқадам-ның тағы бір түлегі Қолхамедов Абдуғали жүлделі үшінші орыннан көрінді. «Ардагер марафоншы» номинация-сы бойынша 61 жастағы Жаңатастың тұрғыны – Шыныбеков Байдулла марапатталса, «Нәзік жанды марафоншы» номинациясы бойынша Жаңатас қаласының тұрғыны – Зейналы Қаламқас лайық деп танылды. «Ең жас марафоншы» номинациясын Игілік ауылының жас марафоншысы – Өлке Дамир жеңіп алды. Жеңімпаздарға аудан әкімі  марапаттау қағазы мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Аудан әкімінің жүрекжарды құттықтауынан соң өнерпаз жастардың орындауымен қала аспанында әсем ән қалықтап, күмбірлеп күй төгілді.

***

Аудандық  орталық  кітапхана  мен  аудан  әкімдігі  ішкі  саясат бөлімінің  ұйымдастыруымен   «Коворкинг» білім  орталығында  1 мамыр-Қазақстан   халықтарының  ынтымағы  мен  бірлігі  күніне арналған  «Бірлік биіктерге   бастайды» атты  достық  алаңы    аудандық  этно-мәдени  орталықтар, қалалық  ардагерлер кеңесі  мүшелері және  Жаңатас көпсалалы және №5 Жаңатас колледждері  студенттерінің   қатысуымен өтті.

Іс-шараны  аудан  бойынша   Қоғамдық  келісім  кеңесінің  төрайымы, аудандық  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің   директоры  Қожаназарова  Светлана  ашып , бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасын тауып, еліміздегі  ұлтаралық  татулық  әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін, –деген тілек айтты.

Достық  алаңы  аясында  әр ұлт өкілдерінен 5 топ құрылып  «Қазақ», «Орыс», «Өзбек», «Украин», «Күрді»  топтары  өзара  сайысқа  түсті.

Сайысқа қатысушылар  «Сәлем сөздің анасы»  (Сәлемдесу өз тілінде), «Өнерлі өрге жүзер» (мәдениеті мен өнері), «Ақ дастархан» ( Ұлттық  тағамдар) бойынша өнерлерін көрсетті.  Шара «Достық» биімен аяқталды. Жүлделі  І  орынды орыс ұлтының «Родонеж» этно-мәдени орталығы  мен    «Украин  ұлты» Абылай хан  атындағы мектеп лицейінің оқушылары ,  ІІ – орынды   «Өзбек  ұлты»  № 5 Жаңатас колледжі студенттері мен  «Қазақ  ұлты» тобы  қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері  өзара  бөлісті.

***

Досбол ауылдық округіне қарасты Шағалалы елді мекенінде  1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай кіші футболдан аймақтық біріншілік өткізілді. Біріншілікті ауылдық округ әкімі Н. Молдабеков ашып берді. Біріншілікке 6 команда қатысты.  Біріншіліктің жеңімпазы  Шағалалы ауылының «Жастар құрамасы» жеңіп алды. ІІ-орынды «Досбол орта мектебі» командасы, ІІІ-орынды Шағалалы негізгі мектебі жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар табыс етілді.

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх