РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
Бірлік бар жерде, тірлік бар
20 Наурыз 2019 Жыл0000

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ-ЕЖЕЛГІ ЗАМАННАН ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЫЛ БАСЫ. ҚАЗІРГІ КҮНТІЗБЕ БОЙЫНША НАУРЫЗДЫҢ 22-СІ КҮН МЕН ТҮННІҢ ТЕҢЕЛУ КЕЗІНЕ КЕЛЕДІ. НАУРЫЗ ТОЙЫ ШЫҒЫС ЕЛІНІҢ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ МЕЙРАМЫ, ЯҒНИ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ. НАУРЫЗ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ҮШІН-БІРЛІКТІҢ, ТАТУЛЫҚТЫҢ, ЕҢБЕКТІҢ, КӨКТЕМНІҢ, ІЗГІЛІКТІҢ, БАҚЫТТЫҢ МЕРЕКЕСІ БОЛЫП САНАЛАДЫ. БҰЛ КҮНІ ЖАҚСЫ ТІЛЕК ТІЛЕУ, ҚҰТТЫҚТАУ, КЕШІРІМ ЖАСАУ, ТАБЫСУ СИЯҚТЫ АДАМ-ГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР КӨРІНІС ТАУЫП, КЕЙІНГІ ҰРПАҚТАР СОНДАЙ ЖАҚСЫ ӨНЕГЕДЕН ҮЛГІ АЛАДЫ.
Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек. Бар халық ерекше қуанышпен тойлайтын мерекені 1-шағынауданы №31 үйдің тұрғындары шалқар шабытпен тойлады. Тұрғындар Асан Тілемісов, Талғат Хұсайынов, Ермахан Құлымбетов, Рахат Алмағанбетов, Әсия Жаманбаева, Сұлтан Бұрханов, Ардақ Нұрмаханов, Әсия Жаманбаева, Шахадияр Байтиковтердің ұйымдастыруымен дастархан жайылып, бүкіл №31 үйдің тұрғындарының басын қосып, наурыз көже таратты.
Дастархан басына отырмастан бұрын «Тұсаукесер» рәсімі жасалды. Қажы ана Жақсыкүл Әміреева Нұрислам Мейірхатұлының тұсауын кесті. Сонымен қатар, тұрғындар арасында қол күресі, қазақша күрес, әйелдер арасында жүгіруден, секіртпеден секіруден жарыстар өткізілді. Сайыста қол күресінен Руслан Бұрхан, әйелдер арасында жарыстан Әйгерім Мысықбаева жүлдегерлері атанды. Мерекенің көрігін қыздырып, апалар «Қаражорға» биіне билесе, жас қыз-жігіттер әннен шашу шашты. Барлық жүлдегерлер мен сайысқа қатысушыларға сыйлықтар тапсырылды.
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бибігүл Болатбекова наурыз көже жайлы айтып өтті.
-Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен. Табиғат бастауы су ғой. Сусыз тіршілік болмас. Сондықтан Наурызкөженің де негізі су болып табылады. Бұның да астарында - өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек. «Ұзын-сарыға» сақталған сүрі етті қазан толсын, ас мол болсын деген ырыммен тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады. Сондай-ақ, жүгері, бидай дәндері салынып дайындалады,-деді.
Мұнан соң барлық мерекеге қатысушылар дастархан басында басқосты. Еңбек ардагері Керім Ноғайбаев еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын деген батасын берді. Наурыз көже мен ақ дастарханнан дәм татқан тұрғындар мен қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх