РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
Кеншілер мерекені ерекше атап өтті
20 Наурыз 2019 Жыл0000

БЕРЕКЕ - БІРЛІКТІ, ЫНТЫМАҚТЫ ТІРЛІКТІ, ЖАҚСЫЛЫҚТЫ, МЕЙІР - ШАПАҒАТТЫ, КЕҢ ПЕЙІЛДІ, КӨКТЕМНІҢ ЖЫЛУ ШУАҒЫН ӨЗІМЕН БІРГЕ АЛА КЕЛЕТІН НАУРЫЗ АУДАНЫМЫЗҒА ДА КЕЛІП ЖЕТІП, БАРЛЫҚ БӨЛІМДЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕР ҰЖЫМДАРЫНДА ТОЙЛАУДА. КҮН МЕН ТҮН ТЕҢЕЛЕТІН, ХАЛЫҚТЫҢ АУЗЫ АҚҚА ТОЛАТЫН, МАЛДЫҢ АУЫЗЫ КӨККЕ КЕНЕЛЕТІН ШАҚТА ТОЙЛАНАТЫН МЕРЕКЕНІ «ҚАРАТАУ» ТАУ-КЕН ӨҢДЕУ КЕШЕНІ ДЕ БАРЛЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРІ, ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, СӘН-САЛТАНАТЫМЕН ТОЙЛАДЫ.
22 наурыз-Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай іс-шара басталмас-тан алдын мерекелік шараға жиналған Саудакент ауылының және «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені ардагер кеншілері «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені оқу орталығының бірінші қабатында орналасқан музейді аралап, ол жерде «Бақылау өлшеу аспаптары», «Бақылау және басқару», «Іске қосу, Реле» аппараттары, оның құрылғыларымен мамандар таныстырып өтті.
Келген қонақтар ғимараттың және Орталық байыту фабрикасының алаңына алма тал көшеттерін отырғызды.
Кеншілер Мерекелі  күнді 73-жылдық тарихы бар, ел экономикасының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ауданымыздың ең ірі кәсіпорны «Казфосфат» ЖШС-ның филиалы, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Бақтыкерейұлы Сәрсенов бастамасымен кең көлемде атап өтті. Орталық байыту фабрикасының алаңында «Береке бастауы – Әз-Наурыз!» атты мерекелік басқосу болып өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев, аудандық мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев және кеншілер қауымы қатысты.
Салтанатты шараның шымылдығы Орталық байыту фабрикасы қыздарының «Қамажай» биімен ашылды. Сонымен қатар Саудакент ауылының тұрғыны Рәтбекқажы Сүлейменұлы мерекеге арналған арнау жырын оқып берді.
Ақ жаулықты аналар шашу шашып, мереке көрігін қыздыра түсті. Мейірлі де  мерейлі  ұлттық төл мерекеміз Наурыз мейрамымен аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, облыстық мәслихат депутаты, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов, ардагерлер Құдайберлі Әбілов, Әбдіқали Мақұловтар құттықтап, еселі еңбектеріне табыс, отбастарына бақыт, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілей отырып, қазақ даналығында «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», «Ынтымақ бар жерде-береке бар» дегендей кеншілерді бірлікке, татулыққа шақырды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Ақын Талғат Хұсайынов  наурызға арнау өлеңін жырласа, Орталық байыту фабрикасының жастары «Жастар әні», «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің вокальды аспаптар ансамблі ретро әндерден «Поппури», Қанат Ержанов «Жаса қазақ», Ұсақтау-сұрыптау фабрикасының жастары «Бәйге», Фазыл Жолшыбеков Халық әнін, Орталық байыту фабрикасының жастары «Алға Қазақстан» әндерін тамылжыта шырқап, тыңдармандарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар Орталық байыту фабрикасының жастары әзіл-сықақ қойылымдарын қонақтар мен көрермендер назарына тарту етті. Мерекелі шарада әнде шырқалды, би де биледі. Іс-шара соңында келген қонақтар мен кеншілер ақ дастарханға қойылған дәмнен және наурыз көжеден дәм татты.
Сондай-ақ, кеншілер арасында қазақтың ұлттық ойындары-арқан тарту, асық ату, кір тасын көтеруден сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх