РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Дауылбаев ауданда іссапармен болды
15 Қаңтар 2019 Жыл0300

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Дауылбаев ауданымыздағы бірқатар мекемелерді аралап шықты.

Қоныс тойын тойлаудың ауылы алыс емес

Елбасының жылсайынғы Жолдаулары мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аталған бағдарлама аясында Жаңатас қаласындағы бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда. Бүгінде жаңарған шаһарымызда 1900- азамат пәтер кезегінде тұр. 2012-2018 жылдар аралығында 8 үйдің құрылысы аяқталып, 720 азамат қоныс тойын тойлаған болатын.

Ал қазіргі таңда 1-шағынаудандағы №5 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. №5 үйдің құрылысы «Бер-Нұр –Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншісінде.  Үйдің сметалық құны 254,3 млн.теңге. Бұл үй 60 пәтерлі, 1 бөлмелі 5 пәтер,  2 бөлмелі 35 пәтер, 3 бөлмелі 20 пәтер бар. Заманауи үлгімен толықтай жабдықталған.

Атқарылып жатқан жұмыстар барысын өз көзімен көрген Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев бастаған топ бас мердігермен жолығып, көпқабатты үй пәтерлеріне жеке-жеке кіріп, сапасын байқап, құрылыс жұмыстарына оң бағасын берді.

Орталық аурухананың жұмысымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев өзі жетекшілік ететін сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін, қандай проблема бар, оны қалай шешуге болады осы тұрғыда өзінің кезекті іссапарымен ауданымызда болып қайтты.

Ауданға ат басын тіреген Еркебұлан Әбілханұлы аудандық орталық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты. Мемлекет басшысы халыққа арнаған кезекті Жолдауында цифрлы технологиялар арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсетті. Соның нәтижесінде, ауданда бүгінгі таңда стационарда жататын науқастардың электронды тіркелімі, емдеуге жатқызу порталы және емханаға келетін халықтың тіркелімін және басқаларды әзірлеу жұмыстары дұрыс жолға қойылып келеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, халық үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқандығын, бүгінде үйде отырып-ақ баратын дәрігеріңе тіркеліп, бүкіл емдік, медициналық қызметті алуға болатындығын, осыған қатысты біздің аудандық орталық аурухана 2018 жылы «Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйе» (АИС, КМИС және Egov) онлайн режимде жұмыс жасайтын терминал іске қосылғандығы туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бағила Бегманова айтып берді.

Бұл жаңа аппараттар бойынша облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілханұлы күніне қанша адам келетінін, 2018 жылы қанша адам осы жаңа жүйемен емделгендігін сұрап, аталмыш аппаратты келушілердің қолжетімді жерге қойылуын тапсырды. Сонымен қатар, аурухананың электронды денсаулық паспортына көшу (Elsimed) жайын да сұрады.

Емхана бөліміндегі барлық дәрігерлердің кабинеттерін аралап, УЗИ жаңа аппаратын көрді. «LOGIQ P9/P7» атты аппаратпен бүгінде жүкті әйелдер мен келген емделушілердің ішқұрылысын түсіріп жатқандығымен таныс-ты. Еркебұлан Әбілханұлы жалпы емхана бөлімінде қанша дәрігер бар? Біліктілігін арттыру бойынша оқуға барған қанша дәрігердің жалақыларын көтергелі жатсыз? Жас мамандарға әкімшілік тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр? Бүгінгі күнге  тапшы дәрігер мамандары бар ма?-деген сұрақтар қойды. Ол бойынша ауданның бас дәрігері тиісті жауаптар берді. Сонымен қатар, аурухана ғимараттарының су құбыр жүйелері бойынша да сұрады. Бұл бойынша аудан басшысы Балабек Жанбекұлы орталық ауруханадағы ауыз су мәселесі толық шешіліп, емделушілер таза ауыз су қолданылып жатқандығын, биылғы жылдың жоспарында бұрынғы құбыр жүйесінің тозығы жетуіне байланысты барлығын жаңартылатындығын айтты.

Сол сияқты қабылдау, жансақтау, перзентхана бөлімшелерін аралап, халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмек түрлерін көзбен көріп, шұғыл келген науқастарды сұрыптау мен емдеуге жатқызу кезегіндегі әрекеттер алгоритмімен таныс-ты. Одан кейін, жансақтау бөлімшесіндегі көрсетіліп жатқан медициналық көмекпен танысып, жаңа жүйедегі технологияларды қарап шықты.  Перзентхана бөлімшесіндегі бала мен анаға көрсетілетін көмектер туралы сұрап, ондағы жаңа жүйедегі технологиялармен перзентхана бөлімінің дәрігер-неонатологі Айнұр Тұяқбайқызы Германия мемлекетінде жасалған  «CPAP ACURONIC» жаңа туылған нәрестеге жасанды дем беретін жасанды желдеткіш аппараты өткен жылы қолданылуға беріліп, онымен 6 жаңа туылған нәрестеге көмек көрсетілгендігін айтты. Сондай-ақ, Жапония мемлекетінде жасалған «Radel incnl» инкубатор аппараты жаңа туылған нәрестеге бірінші кезеңдегі жағдай жасау, Дания елінде шығарылған «Accuscreen ABR TE Civotometrics A/S» туылған нәрестенің құлақ есту қабілетін бақылайтын, тексеретін аппаратпен, Жапония елінен шығарылған «Infa Warmeri» әлсіз жаңа туылған балаларға алғашқы жансақтау шараларын көрсеткенде жылу беретін аппаратпен, Америка құрама штатында дайындалған «Drager» мониторы бұл жаңа туылған баланың жүрек соғуын ЭКГ өлшейді, қандағы кислородтың көлемін анықтайтын аппарат пен сол сияқты салмақ өлшейтін тағы да басқа жаңа аппараттармен танысты.  Облыс әкімінің орынбасары бөлім меңгерушісінен жалпы аналардың денсаулығы жайында ақпарат алды.

Қаражат қайта қаралатын болды

Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң «Айгүл» бөбекжай-бақшасына барды.

Жалпы бөбекжай-бақшасының қажет ететін құрылысы жөнінде қала әкімі Сакен Мамытов таныс-тырып өтті.

-«Айгүл» бөбекжай-бақшасы 1978 жылы пайдалануға берілген. Жалпы аумағы-9058 м2, ғимарат алаңы-1958 м2. Ғимарат 1997-2001 жылдар аралығында жеке меншік иелігінде болған. 280 балаға арналған.  Бақша 2001 жылы 1,52 млн. теңгеге коммуналдық меншікке алынып, қайта пайдалануға берілген. Ғимаратқа 2011 жылы 9,0 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2013 жылы төтенше жағдайларға байланысты шатыры ауыстырылды.

Бөбекжай күрделі жөндеу жұмыстарына құны 284,097 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаты дайындалған. Мемлекеттік сараптама қорытындысы шықты. «Айгүл» бөбекжай-бақшасының бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін жұмыстар-185,3 млн.теңге. Ғимараттың жалпы құрылыс жұмыстары 125,93 млн.теңге, жылыту және желдету жүйелері 32, 06 млн. теңге, электр жүйелерін ауыс-тыру 17,85 млн. теңге. Ғимараттың сыртқы қоршауын ауыстыру 11,94 млн., кіші архитектуралық құрылысты ауыстыру 54,61 млн., жолдарды тратуарларды жөндеу жұмыстары 13,52 млн., бөбекжай аумағын абаттандыру 18,71 млн. теңгені қажет етеді,-деді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары «Айгүл» бөбекжай-бақшасының ішкі жағдайын көрді. Жылу жүйесін көріп, асхана жағдайында назардан тыс қалдырмай күнделікті берілетін тамақ тізімімен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеуден өткізу үшін сұралып жатқан қаражаттың тым көп екендігін айтты. Бұл сұраққа аудан әкімдігі білім бөлімінің құрылыс инженері Ғалымжан Есмаханов ғимарат шатырының толық ауысқанын, су құбырының ескіргендігін, ішкі және сыртқы қоршау, балалар ойнайтын алаңшаны жаңартып, 14 терезе ауыстыруды қажет ететіндігін айтты. Ал қазіргі таңда электр жүйелері болғанымен талапқа жауап бермейтіндігін, асханадағы барлық тамақ пісіретін пештерді қосу мүмкін болмай тұрғандығын айтып өтті. Сонымен қатар ғимараттың алдындағы сыртқы плиталардың әбден тозығы жеткендігін, оны ауыс-тыру керектігін жеткізді. Бөбекжай-бақшасының жағдайымен толық танысқан облыс әкімінің орынбасары қаралған қаражаттың тым көп екендігін, мұндай қаражатқа Тараз қаласында бір балабақша күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын айтты. Күрделі жөндеуден өткізуге қаралған қаражатты қайта есептеп шығуды тапсырды.

Қорытынды жиында

Аудандағы білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемесін және жөндеу жұмысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің жұмысымен танысып қайтқан облыс әкімінің орынбасары Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы аудан әкімінің мәжіліс залында қорытынды жиынын өткізді.  Жиынға аудан әкімі Балабек Нарбаев, облыс әкімдігінің тиісті басқарма басшылары, аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбек, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері және аудандық мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімдігінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалы мәселелері бойынша өзекті мәселелер және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы облыс әкімдігінің басқарма басшыларының сараптама баяндамалары тыңдалып, ол бойынша облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілханұлы аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына айтылған мәселелер бойынша сын-ескертпелер айтып, оның орындалу жолдарын түсіндіріп, көптеген жаңа ұсыныстар айтты.

Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх