РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
Түнгі Жаңатас
9 Қаңтар 2019 Жыл0000

Жалпы Жаңатас қаласы жыл өткен сайын құлпырып, сән-салтанаты жаңарып, әсем ғимараттар мен көшелер жаңару үстінде.

Кеңес үкіметі құрдымға кеткенде кейбір сәуегейлер: «Жаңатастың күні бітті», «Қала қалпына келмейді» деп, сол кезеңдегі қираған үйлер мен қаңыраған көшелер, қара түнек басқан Жаңатасты әр түрлі саққа жүгірткен болатын. Жаңатас қаласында орталық көшелердің өзінде жүрудің өзі де қорқынышты еді. Көшелерде бірде-бір жарық жоқ. Мүлгіген, қара түнектің құшағындағы Жаңатас қаласын сол кезде елестетуде қорқынышты еді. Қараңғылықты пайдаланған ұры-қарылар да көбейіп кетті. Жаңатас қаласына жарық белгілі бір сағаттарда ғана берілетін. Көп қабатты тұрғын үйлерде тұратындар білтелі шамдарын жағып, әркім өз беттерінше күндерін көреді.

Жаңатас қаласындағы жоғары кернеулі электр сымдарын ұрлап, алюминиін өткізу де белең алған еді. Кейбір азаматтарымыз жазатайым тоққа түсіп, қайғылы қазаға да ұшырап жатты. Бұны жазып отырғандағы мақсатымыз – Жаңатас қаласының сол кездегі мүшкіл жағдайымен қатар қазақ халқына Тәуелсіздік оңайлықпен келмегенін бүгінгі жастар білсін деген ой.

Қиындықтың бәрін жеңе білген Жаңатас халқы, өздерінің ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасында қаланың шырайын қалпына келтірді. Жаңатас қаласы жеке қала болып тұрғанда сен кімсің, қайдан келдің деп бөлінуді білмейтін. Қала халқының ынтымағы бір болатын.

Бүгінгі таңда да Жаңатас қаласы ынтымақ пен бірліктің қаласына айналып отыр.

Жаңатас қаласының болашағы өте зор. Оның табиғи пайдалы қазбалары халықтың және Жаңатас қаласының дамып өркендеуіне мол үлесін қосатыны ақиқат.

Жаңатас қаласына сырттан келген қонақтар қаланың тез арада дамып, қалпына келе бастағанына тамсана қарайды.

Әсіресе, Жаңатас қаласының түнгі көрінісі адамды шексіз қиялға бөлеп, алысқа жетелейді.

Қаланың кіре берісіндегі латын әріпімен жазылған «Жаңатас қаласы» самаладай жарқырап, көз тартады. Сол көшенің бойындағы жарқыраған гүлдер қаланың шырайын кіргізе түседі. «Жаңарған Жаңатас». «Рухани жаңғыру» жазуларының түнгі көрінісі өте ерекше.

Қаланың орталығындағы «Аудандық аурухананың» маңы да әсемдендіріліп түрлі жарық шамдармен безендірілген.

Аудандық әкімшілік алаңы адам танымастай, түрлі түсті, әсем көріністермен шырайландырып безендірілген. Әсіресе, халық көп демалатын «Мәдениет үйінің» алды да Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ерекше безендірілген.

Жаңатас қаласының жарқыраған көшелері бұл күні халыққа лық толған. Ерсілі-қарсылы жүрген жастар мен қала тұрғындарының көңілдері шат. Қаланың орталық көшесіне орналасқан «Мәңгілік от» кешені мен ауған ардагерлеріне салынған ескерткіштің айналасы әсемдендіріліп жарықпен безендірілген. 2018-2019 жыл және жарықпен көмкеріліп жасалған жаңа жылдық шырша еріксіз көз тартады.

Жаңатас қаласының әкімшілік үйінің жаныда, түрлі-түсті жарықтармен безендірілген. «2019» жыл атты арка өзінің ерекшелігімен көз тартады.

Қаладағы жеке кәсіпкерлер салған «Аян-Холл», «Ертегілер әлемі», «Жібек жолы» мейрамха-наларының да түрлі әсем бейнелі шамдармен безендірілуі ерекше көз тартады.

Қорыта айтқанда, жаңа жыл қарсаңындағы Жаңатас қаласының түрлі-түсті жарықпен безендірілген көрінісі қала халқының көңіл-күйін көтеретіні ақиқат.

Мұсылмандардың жаңа жылдық мерекесі, әрине, 22 наурыз екені баршаға аян. Алдағы уақытта «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіде көмкерілген түрлі-түске бөленсе, қала халқының көңіл күйінің артатыны даусыз.

 
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх