РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Жаңалықтар
Төрлетті төрімізге жаңа жыл
8 Қаңтар 2019 Жыл0000

Жаңа жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тәуелсіздік мерекесі тойланған соң, ауылдарда, қалаларда қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Орталық алаңнан бастап, қала әкімі аппараты ғимаратына дейінгі тал-дарақтар әртүрлі жарықтармен, ғимараттың алдына «Қош келдің—2019 жыл» деген жазулар ілініп, 1-шағынаудандағы көпшілік серуендейтін «Даңқ» монументінің алдына әдемі шыршалар, әр түрлі ою-өрнектер қойылды. Әрбір мекеменің кіре берісіне, сыртқы ауласына мерекенің нышаны ретінде жылтырақтар, әртүрлі жарық шамдары ілініп, қала көркіне көрік қоса түсті.
Әлемдегі ең керемет тойланатын мереке, жаңа жыл мерекесі. Бұл күні  қуанбаған  жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық тұрады.Өткен жылдың соңғы күнінде мерекеге орай, орталық алаңға қала тұрғындары мен қонақтар көптеп жиналды. Алаң ортасындағы қаланың бас шыршасы көздің жауын аларлықтай әсем безендірілген. Оның айналасы мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен жүрген думаншыл халыққа лық толы болды.
Жаңа жыл мерекесіне арналған «Армысың, Жаңа Жыл!» атты кеш көрермендер назарына тарту етілді. Кеш шымылдығын қаламыздағы Жаңатас көпсалалы және №5 Жаңатас колледждерінің студенттері Жаңа жылдық флеш-моб биімен ашты.Сахнаға шыққан жүргізушілер екі тілде-қазақ және орыс тілдерінде көпшілікпен амандасып, мерекемен құттықтап,  мерекені думандатып, қызықты өткізуге шақырды.Көптен күткен, мерекенің сәні болған Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Қастарына аққала, пингвиндерімен бірге шыққан қонақтар би билеп, ән шырқады. Аяз ата мен Ақшақар өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Кеш барысында Тезекбаев Ғалымжан, Мөлдір Мусаева «Жаңа жыл» әнін тамылжыта шырқап, «Айжан қыз» халықтық би ұжымы би билеп, көрермен қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ертегілер елінен келген қонақтар мұз ханшайымдарының бейнесін сомдаған  Ақерке мен Айдана Ұзақбековалар, Патша мен Ханшайымның бейнесін сомдаған Ерлан мен Жадыра Егешовтер дуэті мерекелік әндерді шырқап, күннің суығында тоңып тұрған көрермендерін бір серпілтіп тастады. Әртүрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, 12 жылдың иелері ортаға шығып, мерекемен құттықтады. Мерекелік кешке жиналған көпшілік мерекелік кешті тамашалап, биік әрі әсем безендірілген шыршаның жанында отбасыларымен суретке түсіп, мәре-сәре болып тарасты.
Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкер Н.Мырзабекова аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 7 балаға жаңа жылдық киімдер мен сыйлықтар таратты.
Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер П.Ерубаев, А.Сейілбеков, Е.Дәуітбаев, К.Үркімбаева, А.Сағыниева, Ф.Шайымкулов және "Орталық базар" кәсіпкерлері аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратты.
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Ыңғайлы жаңалықтар табылған жоқ

Наверх