РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы хабарлайды және түсіндіреді

Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Бір реттік мемлекеттік науқан шеңберінде ақшаны заңдастыру туралы
Осыдан бір жыл уақыт бұрын елімізде капиталға рақымшылық жариялау мерзімі белгілі болды. Жалпы, заңдастырудың өткі¬зілу мерзімі 2014 жылдың 1 қырқүйектен 2015 жылдың 31 жел¬тоқсан айына дейін көлеңкелі меншік пен табысты заңдастыруға мүмкіндік беріледі.
3 Қараша 2015 Жыл09075
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
ҚР Ұлттық Банктің ннвестициялық монеталары жайлы
ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (бұдан әрі - ҚРҰБ) ҚР Заңына сәйкес ҚР-ның ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады. Сонымен қатар, ҚРҰБ банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығаруға айырықша құқығына ие. Бүгінгі күнге, ҚРҰБ-мен «proof» сапалы, 999,9 сынам алтыннан жасалған салмағы мен диаметрі бойынша ерекшеленетін, алты түрлі «Алтын барыс» монеталары және 999,9 сынам күмістен жасалған төрт түрлі «Күміс барыс» инвестициялық монеталар шығарылған. Инвестициялық монеталар – коллекциялық мақсатта ғана емес, сондай-ақ ақшаны инфляциядан қорғау үшін монета түрінде бағалы металға (алтын, күміс) жинақ салуға арналған орталық банктің монета түріндегі өнімі. Инвестициялық монеталардың естелік – коллекциялық монеталардан ерекшелігі олар алтын мен күмістің ең жоғары сынамасынан жасалады.
3 Қараша 2015 Жыл08486
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Валютаны репатриациялау дегеніміз не? Валютаны репатриациялау бойынша міндеттердің орындалмауына жауапкершілік.
Жыл өткен сайын біздің облысымызда сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын субъектілердің саны көбейіп келеді. Бұл көбіне, соңғы кездері еліміздегі валюталық режимнің айтарлықтай ырықтандырылуына байланысты болды. Қазір бұл – уақыттың талабы. Сонымен қатар, валюталық заңнама талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары күшейтілді, бұл мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін сақтау шараларының бірі болып табылады. Экспорттық-импорттық валюталық бақылау саласында мұндай шараларға мемлекеттік органдардың валютаның қайта оралуына (репатриациялау) бақылауды жүзеге асыруы жатады.
29 Қазан 2015 Жыл018754
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Бір реттік мемлекеттік науқан шеңберінде мүлікті заңдастыру туралы
2014 жылдың қыркүйегінен бастап елімізде мүлікті заңдастыру шарасы басталып кетті. Қолда бар мүлікті айналымға шығару 2015 жылдың 31 желтоқсанынына дейін жалғасады. Ал, 2017 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға ортақ декларация тапсыруды қолданысқа енгізу жоспарланып отырғандықтан, аталмыш шара азаматтарға мүліктерін заңдастырып алуға үлкен мүмкіндік береді. Елімізде алғашқы заңдастыру 2001 жылы өткізілген болатын. Сол жылдың 14 шілдесі мен 14 тамызы аралығында өткен шара «Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қаражатын заңдастыруға орай рақымшылық жасау туралы» заңымен реттелді. Заңдастыру бір реттік науқан ретінде өткізілді және тұлғаның заңдастыратын ақшасынан салық алынбайтыны және тиісті жауапкершілікке тартылмайтыны кепілдендірілді. Нәтижесінде шамамен үш мыңға жуық азаматтың 480 млн. астам АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттары заңдастырылды.
29 Қазан 2015 Жыл09261
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
«Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі жайлы
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңының 6 бабына сәйкес, ҚР аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды өздеріне берілген лицензияға сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады. Уәкілетті ұйымдар – ҚР заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар болып табылады. Олар қызметті өздерінің айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырады.
29 Қазан 2015 Жыл015204
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Интернет арқылы алынатын несиелер туралы
Заманауи технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, ондағы басым орынды нық алып отыр. Киім және тұрмыстық техниканы сатып алу, сақтандыруды ресімдеу, емханаға кезекке тұрумен қатар кредитті де онлайн режимінде рәсімдеуге қолымыз жетіп отыр. Заманауи жарнама құралдары ақшаны қарызға ірі банктер ғана емес, шағын кредит мекемелері де ұсынатынын халыққа жариялап,сонымен қатар жылдам кредитті интернет желісі арқылы алу мүмкіндігі туралы ақпаратты кеңінен таратуда.
27 Қазан 2015 Жыл09431
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Ішкі валюталық нарықта шетел валютасын сатып алу және сату тәртібі
Ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алудың және сатудың тәртібі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы №57-ІІІ Заңына (бұдан әрі – Заң), сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы №154 және 16.07.2014 жылғы №144 қаулыларымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру туралы» ережесіне және «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына» (бұдан әрі – №144 Қағида) сәйкес белгіленеді.
27 Қазан 2015 Жыл015775
Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Инфляциялық таргеттеу режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тетігін әзірлеп, тәртібін бекітті. Тәртіпке сәйкес, салымшыда 2015 жылғы 18 тамыз операциялық күннің соңында екінші деңгейдегі банктерде және /немесе «Қазпочта» АҚ-та теңгемен ашылған депозит болған кезде оған бағамдық айырма төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс.
10 Қыркүйек 2015 Жыл013076

Наверх